Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да 135 тұрғын үй апаттық деп танылған

Бірі баспанасыз үйден-үйге көшіп өмірдің кебінінен аса алмай жүрсе, енді бірінің пәтері болса да айтарлықтай қуанарлық жағдайда мақтанып айта алмас

Қазіргі таңда пәтер мәселесі көптеген адамның маңдайын жарып тұрған маңызды мәселе.

Себебі, бұл үйлердің не бүгін, не ертең қирайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.

Ресми ақпарат бойынша облысымызда барлығы 135 апаттық деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер бар көрінеді. Олардың ең көбі Өскемен және Семей қалаларында орналасқан. Айта кететін жайт мұндай үйлер тек облыс орталықтарында ғана емес, аудандардың көпқабатты үйлері бар ауылдық округтерінде де кездеседі.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша апаттық деп мойындалған көппәтерлі тұрғын үйлердің ең көп бөлігі Өскемен және Семей қалаларында орналасқан. Бұл тізімге сонымен қатар Зайсан мен Тарбағатай аудандары да кіреді. Өскемен қаласында – 38 тұрғын үй, Семей қаласында – 25, Зайсан ауданында - 48 апаттық үй тіркелсе, Тарбағатай ауданында 10 үй апаттық үйлер санатында. Сол сияқты Көкпекті ауданында 6 үй, Бесқарағай, Бородулиха, Күршім аудандарында екі үйден және Курчатов пен Риддер қалаларында аталмыш үйлер бір-бірден кездеседі.

- Қазіргі уақытта жаңа үйлер тұрғызу арқылы тұрғындарды көшіре отырып, ескі үйлерді қирату кешенді бағдарламалары жүргізілмейді, - дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайрақанова. - Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына 2011 жылдың 25 наурызында енгізілген өзгерістер бойынша, апаттық деп мойындалған жалғыз тұрғын үйлері бар азаматтарға баспана кезекпен беріледі. Яғни, арыз берілген мерзімнен бастап, бөлінген тізімдердің тепе-тең есебі бойынша.

Аталмыш заңда көрсетілгендей, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген жалғыз үйі апаттық деп мойындалған азаматтарға беріледі.

Өскемен қаласы атқарушы органдарының көрсеткен деректер бойынша, Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы апаттық және ескі үйлерді қысқы мерзімде сақтау үшін «Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Орталық жылу жүйесі бар үйлерде жылыту маусымында дайындықтар жүргізіледі.

- Көппәтерлі үйлерді апаттық деп мойындау мамандандырылған ұйыммен тексеріледі, - дейді Алма Арынғазықызы. - Мұндай ұйымның құрылыс, қала құрылысы, архитектура саласындағы инжинирингтік қызмет пен сарапшы жұмысын жүргізу үшін сарапшылық аттестаты болуы керек.

Айта кету керек, көппәтерлі үйлердің физикалық тұрғыдан тозғанын тексеру жұмыстарында көрсетілген мемлекеттік нормативтерге сай жүргізіледі.

2004 жылы Аблакетка кентінде техникалық белгілері бойынша Мемлекеттік тұрғын үй қорына кіретін 19 көппәтерлі тұрғын үй апаттық болып мойындалған. Былтырғы жылы Өскемен қаласында 20-ға жуық апаттық үйлер жөндеуден өткізілген болатын.


Дос Сапар

Следующая →