Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да қандай жазғы демалыс лагерьлері бар?

Балалардың көпшілігі жазғы демалысын басқа қалаларда, ауылда туған-туыстарымен, ата-әжесімен, бір бөлігі жазғы демалыс лагерьлеріне аттанады

Жазғы сауықтыру лагері балаға өзін емін-еркін сезінуіне, адамдармен тіл табысуына, достасуына мүмкіндік береді. Лагерь балалардың жаңадан дос табуына, жаңа ортамен араласуына жағдай туғызады. Дегенмен, баланы лагерьге жіберу-жібермеу әр ата-ананың өз таңдауы.

Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы барлығы 889 лагерь жұмыс жасаған, оның 37-і жазғы сауықтыру лагерьлері. Облыс қалаларында әр мектеп жас бүлдіршіндеріне арнап екі апталық не бір айлық жазғы лагерь курстарын ұсынып жатады. Мұндай мектеп лагерьлері 5-7 жас аралығындағы бөбектерге арналған. Ал бұл жастан асқан балаларды жазғы лагерьлерге жіберсеңіз болады. Олар жаз бойы жұмыс жасайды, балаларды маусымдық кезеңдеріне байланысты 5-9 рет қабылдай алады.

- Облысымыздағы жазғы демалыс лагерінде балалар 5 күннен 14 күнге дейін демала алады. Лагерьдің билеттерінің бағасы 6000-нан 58000-ға дейінгі сомаларды құрайды, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмаділова.

Сонымен қатар, облысымыздың балалары республиканың өзге аудандары мен алыс-жақын шетелдерде демала алады.

- 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысының балаларына облысымыздың көрнекті жерлеріне экскурсия жасатып, біздің балаларды СҚО жеріне жіберу ұйымдастырылады. Шығыс Қазақстан облысының балалары жыл сайын Италияда және жақын шетелдерде демалады. ШҚО балаларын Қытай Халық Республикасы лагерьлерінде демалту мәселесі қарастырылуда, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Республикамыздағы сияқты облысымызда да тегін лагерьлер жоқ. Тек тегін жолдамалар жетім балалар мен аз қамтылған отбасының балаларына беріледі. Жолдамалар мемлекет қаражатынан төленеді.

Сонымен облысымыздағы бірнеше жазғы сауықтыру лагерьлері жайында ақпарат бере кетейік.

Өскемен қаласы «Жігер» жазғы сауықтыру лагері. Бағасы - 25600 теңге. Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан. Балалар 7 күн демалады. Төрт уақыт тамақтанады. 7-14 жас аралығындағы балалар барса болады.

Өскемен қаласы «Алые паруса» жазғы сауықтыру лагері. Бағасы - 25600 теңге. Бұқтырма су қоймасында, «Жігер» лагеріне қарама-қарсы орналасқан. Бес уақыт тамақтандырады. Балалар 10 күн демалады. 7-14 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Зайсан ауданы «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагері. Зайсан қаласынан 36 км. қашықтықта орналасқан. Бағасы - 14000 теңге. Балалар 7 күн демалады. Бес уақыт тамақтандырады.

Глубокое ауданы «Толағай» жазғы сауықтыру лагері. Глубокое ауданы, Малоубинка кентінде орналасқан. Бағасы - 9000 теңге. Бес уақыт тамақтандырады. Балалар 7 күн демалады.

Жарма ауданы «Мейірім» жазғы сауықтыру лагері. Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. Бағасы - 9000 теңге. 5 уақыт тамақтандырады. 9-13 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Жарма ауданы «Ақжелкен» жазғы сауықтыру лагері. Жарма ауданы, Шалабай ауылында орналасқан. Бағасы - 12000 теңге. 5 уақыт тамақтандырады. 9-13 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Үржар ауданы «Үржарайым» жазғы сауықтыру лагері. Алакөл көлінің жағалауында. Бағасы - 20000 теңге. 5 уақыт тамақтандырады. 9-13 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Зырян ауданы «Жемчужина» жазғы сауықтыру лагері. Зырян ауданы, Прибрежный кентінде орналасқан. Бағасы - 23000 теңге. Бес уақыт тамақтандырады. Балалар 5 күн демалады.

Көкпекті ауданы «Балауса» жазғы сауықтыру лагері. Көкпекті ауданы, Мойылды ауылында орналасқан. Бағасы - 10000 теңге. Бес уақыт тамақтандырады.

Облысымыздағы жазғы сауықтыру лагерьлері жайында ШҚО Білім басқармасы әзірлеген автоматтандырылған бағдарламасы - www.apmko.kz сайтынан толықтай біле аласыздар.


Қымбат Слямбеков

Следующая →