Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Халифа Алтайдың туылғанына 100 жыл

Өскемен қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференция өтті

Халифа Алтай - «Құран Кәрімді» қазақ тіліне аударған тұңғыш тұлға. Дінтанушы ғалымның туғанына биыл 100 жыл толуына байланысты әрі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Өскемен қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияға ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының өзі келіп, Шығыстан шыққан діни қайраткердің тағдырын баяндап, атажұртқа сіңірген еңбегін атап өтті.

Одан бөлек, Бас муфти Елбасының мақаласында айтылған рухани жаңғыруға қатысты мәселелерге, ұлт көшбасшысы көтерген жобаларға діни басқарманың да атсалысатындығын айтты.

- Халифа Алтайдың тәржімалаған кітабы Ресейдің Алтай аймағына 1990 жылдары келіп, жергілікті қазақтардың діни сауатын ашуға көп көмегін келтірді. Бүгінгі күні діни ұстазымызды, ғұлама ғалымымызды құрметтеп, халыққа таныстырып отырғандарыңызға алғысымды білдіремін, - деді РФ Алтай Республикасының бас муфтиі Жанболат қажы Оқтаубаев.

Шараға қатысып отырған Халифа Алтайдың ұлы Абрурахим Халифа Алтай да ҚМДБ-на, ШҚО Діни басқармасына, аймақтардан жиналған имамдар мен ғалымдарға өз алғысын білдірді.

Конференцияға қатысушылар мерейтой төңірегінде ғұлама ғалымның еңбегін құрметтеу үшін Өскемен, Семей, Астана қалаларында көше атауын беру, Х. Алтай оқуларын өткізу, Х.Алтай атындағы стипендиялар мен сыйақылар тағайындау, Х.Алтай діни-зерттеу институтын құру, музей ұйымдастыру, кітап шығару тәрізді ұсыныстарын жолдап жатты.

- Өтімді ұсыныстар айтып отырсыздар. Ұсыныстардың барлығын ескеруге тырысамыз, - деді сөз соңында ҚМДБ наиб муфтиі Серікбай қажы Ораз.


Ардақ Аманғалиева

Следующая →