Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада ел тарихындағы ең ауқымды және зор әскери парад өтті

Астанада «Қазақ Елі» монументі алаңында президент - Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру өтті

Бұл Қазақстан тарихындағы ең ауқымды парад. Парадқа 5000-нан астам әскери тартылған, деп хабарлайды nur.kz сайты.Шеруді бастауға рұқсат бергенНұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды және әскери шеруге қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен, алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Жұртшылық 300-ге жуық әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерін тамашалады. Ал қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда Әуе қорғанысы күштерінің 70-ке жуық авиациялық техникасы паш етті. 

Дәстүрлі түрде жаяу әскер легін "Жас ұлан" тәрбиеленушілерінен құралған барабаншылардың құрама ротасы ашты. Шеруді Қорғаныс министрлігі, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскері, бітімгершілік күштердің, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлері, әскери қызметші әйелдердің, әскери полицияның, аумақтық қорғаныс бригадасы жалғастырды. 

Парадтың авиациялық бөлігі кеңінен көрсетілді. Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары Әуе қорғанысы күштерінің ең заманауи ұшу аппараттарын басқарған қазақстандық ұшқыштардың шеберлігін лайықты түрде бағалады. Астананың көк аспанындаұшқыштар "25" деген мерекелік датаны және "Бәйтерек" деп аталатын жоғары пилотаж фигурасын паш етті.



Следующая →