Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +32°
$
459.75
+1.77
494.14
+3.28
¥
63.35
+0.23
5.54
+0.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Қазақстан әскерінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты Өскемен қаласында жастарды әскер қатарына шығарып салу салтанаты өтті

2017 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша Шығыс Қазақстан облысынан 1271 сарбаз әскери борышын өтеуге аттанбақшы.

Әскерге шығарып салу салтанатына Семей «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицейінің түлектері мен Шығыс Қазақстан аудандарында «Жас Ұлан» республикалық мектеп-лицейіне бекітілген 25 кадет сыныптарының оқушылары қатысып, әскери шеру жасады.

- Шығыс Қазақстан жастары қашанда әскери борышын абыроймен атқарып, республиканың өзге аймақтарына үлгілі патриоттық өнеге көрсетеді, - деп атап өтті «ҚК ардагері» РҚБ ШҚ облыстық филиалының төрағасы Төкен Біләлов.

Салтанатты шара барысында Өскемендегі 55/18 әскери бөлімінің кинологиялық қызметі, 27-943 әскери бөлімінің барлау ротасы және Шоқан Уалиханұлы атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейінің түлектері тактикалық жаттығу көрсетілімдерін көрсетті.

- Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - жастарға патриоттық тәрбие беру. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Дарынды мектеп» кешенді жоспарының негізінде облысымыздың әр өңірінде 25 кадет сыныптарын ұйымдастырған болатынбыз. Бүгінгі шараға аталмыш кадет сыныптары оқушылары қатысып, ағаларын әскер қатарына шығарып салып отыр, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмаділова.

Сонымен қатар, шара барысында облыс әкімдігі кадет сыныптарына оқу-жаттығу сабақтарында қолдануға арналған Калашников (ММГ АК-74) автоматын табыстады.

Салтанатты шара біткен соң әскер қатарына алынған сарбаздар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.


Қымбат Слямбеков

Следующая →