Чернобыль ардагерлері назардан тыс қалды ма?
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді
Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы болған апатқа 31 жыл толды.
Ардагерлер өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Апаттың ізін суытпай жасалған және одан кейінгі жылдары жүзеге асырылған төтенше шығынды шараларға қарамастан Чернобыль атом электрстанциясы әлі күнге дейін Еуропаның кіндігіндегі әлеуетті қауіп ошағы болып қалуда.
Тарихқа шолу...
1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарынан Еуропаның 10-нан аса мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, миллиондаған адам зардап шекті. 1986-1992 жылдар аралығында Қазақстаннан 35 мыңнан астам адам Чернобыль апат салдарын жоюға жіберілген.
Бұл - келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат. Чернобыльдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың бәріне әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсетті. Бұл апат күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр. 4 жыл бойы Чернобыльде апат болған орында 800 мыңнан астам адам құтқаратын саркофаг құрып, радиоактивті зақымданған қауіпті аймақтарды залалсыздандырған.
Шешусіз тұрған мәселе көп...
1986 жылы сәуірдің 26-сы күні сынақ жүйесі зауыттың төрт ядролық реакторының бірінде жарылыс болғанын анықтаған кезде Совет Одағының барлық аймағындағы азаматтар шақырылып, апат орнына апарылды. Қолдарында арнайы жабдығы жоқ адамдар апатты оқиғаның салдарын азайтуға тиіс болды, әйтпегенде радиоактивтік ластану қазір Украина, Ресей және Беларусь аймағына жайылып кететін еді. Апат орнына аттанғандардың басым бөлігі қайда және қандай зиянды жұмысты орындауға бара жатқандарын білген жоқ. Тіпті оның залалы мен зардабы да біраз уақыт бойы жасырылып келді.
Чернобыль атом станциясындағы апат салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысынан 3 мыңнан аса адам аттанды. Олардың қатарында инженер мамандар, дәрігерлер, әскерилер мен өрт сөндірушілер болды.
- Бүгінгі таңда Чернобыль ардагерлерінің статистикасы мен тіркеуі жүргізілмейді. Нақты ардагерлердің санағы жоқ. Бірақ олардың шамамен 70 пайыздайы қайтыс болды. Қазір мыңнан аз қалдық, - деді ШҚО Чернобыль ардагерлері одағының төрағасы Қанат Раздыков.
1995 жылы чернобыльдықтардың дәрежесі ҰОС ардагерлерімен теңестірілгенімен, олардың мәселелері онымен азайған жоқ. Керісінше, олар әлі күнге дейін тегін емделуге, тегін дәрілерге, лайықты әлеуметтік көмекке зәру болып отыр.
- Чернобыльдықтардың жағдайы жыл сайын ушығып келеді. Уақыт өткен сайын олардың денсаулықтары сыр беруін де ұлғайтуда. Ал Үкімет тарапынан жасалып отырған жағдай сол тәуелсіздігімізді алған жылдардан аса қатты өзгере қойған жоқ. Керісінше, медициналық, әлеуметтік қолдаулар азайып отыр. Неге біз, чернобыльдықтар назардан тыс қалдық? Неге біздің жағдайға ешкім қарамайды? Бұл біздің ұмыт болғанымыз ба?, - деп өкінішін білдірді Қанат Раздыков.
Сонымен қатар, чернобыльдықтарға коммуналды төлемдерді төлеуге жасалатын жеңілдіктер, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, денсаулықтарын қалпына келтіру жағдайына дейін ақсап тұр.
- Мүгедектер арбасына ие болу, дәрігердің тегін қаралуына кіру, тіпті сауықтыру орталықтарына барып, денсаулықты қалпына келтірудің өзі қазіргі уақытта оңай емес болып отыр, - деп қосты ШҚО Чернобыль ардагерлері.
Расымен, бұл жағдайдың мүшкіл екенін Денсаулық басқармасынан Чернобыль ардагерлеріне жасалып жатқан жағдай туралы ақпаратынан-ақ байқауға болады.
- Облысымызда ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтардың стационарлы ем алуы үшін 170 орындық тәулік бойғы және 20 орындық күндізгі стационар бөлінген. Сонымен қатар, Семейде «Қызыл ай» ұйымының жанында 30 орындық мейірбикелердің күтіміне арналған емхана, Таврия ауылындағы хоспис, Өскемен қаласында 40 орынды терапевтік бөлім және тағы басқасы қарастырылған, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.
Бұл тізімнің ішінде денсаулықты сауықтыруға, қалпына келтіруге лайықтылары жоқ екені айдан анық. Сонымен қатар, Ерлан Әділов Чернобыль ардагерлеріне Алматы және Астана қалаларындағы госпитальдерге де жолдама берілетінін атап өтті. Бірақ ол госпитальдар мен қарапайым емхананың еш айырмашылығы да жоқ болар.
Чернобыль ардагерлерінің көтеріп отырған тағы бір мәселесі құжаттарын қалпына келтіре алмауларында екен. Әскери шақырту алғандардың тізімі мұрағатта бар болса, жұмыс орындарынан жөнелтілген мамандар туралы ақпараттарды табудың өзі қиын.
Айта кету керек, ардагерлер Чернобыль апатына арналған ескерткіш орнатуды сұрап жүргендеріне де 20 жыл толыпты. Дегенмен бұл мәселенің де шешімі әлі табылмаған.
Следующая →

Тақырыптар: