Қытайлықтар игере алмаған жер қайтарылды
60 мың гектар жерді игере алмаған қытайлық фирмаден ауылшаруашылық жері қайта қайтарылып алды
Шығыс Қазақстан облысының жер қоры 23-28 миллион гектарды құрайды. Оның он миллионы ауылшаруашылық маңызға ие. Шығыс Қазақстан облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы былтыр 1200-ден астам жер туралы заңнамаға байланысты тексеру жүргізілген. Олардың ішінде 1102 құқықбұзушылық орын алып, айыппұл көлемі 24 миллионды құрайтын әкімшілік жаза қолданылды.
- Жерді лайықты қолданбайтындарға он еселік айыппұл салынады, - дейді ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімханов. - Бұл шаралар бос жатқан жерлерді мемлекет қорына қайтару үшін істеліп жатыр. Тексеру барысында пайдаланылмай отырған 63 мың гектар жер анықталды.
Мейірхан Әшімхановтың айтуынша, Жер заңнамасын бұзғандарға қатысты былтыр 88 сот талабы қойылды.
- Олардың ішінде 24 мың гектар жер мемлекет қорына қайтарылды. Олардың ішінде соттың араласуымен Үржар ауданындағы Қытай фирмасына тиесілі «Бәтуә», «Манфағат» және «Ырғын» ЖШС-нан 60 мың гектар жер қайтарылған, - дейді Мейірхан Әшімханов. - Олар 60 мың гектар жерді игере алмағандықтан ауқымды жердің ортасын бос қалдырып отырған. Бұл өте ауқымды жер болғандықтан, «ортасы көрінбейді» деп шетін ғана игере берген. Сот үрдісі 2-3 жыл бой жалғасып келген. Сот үкімі былтырғы жылдың тамыз айында шықты.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан Сібе, Алакөл көлдерінің аймағында жүргізілген тексеру барысында 261 жер учаскесі пайдаланылмай келгені анықталған.
Следующая →

Тақырыптар: