Өрлеу - аз қамтылған отбасыларға демеу
Аз қамтылған еңбекке жарамды отбасылар әлеуметтік бейімделген, кәсіби хабардар болу үшін «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы іске асырылады
«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек көрсетеді. Яғни, бұл бағдарлама халықтың аз қамтылған санаттарына кедейліктен шығуына мүмкіндік береді.
- «Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын және әлеуметтік келісімшарттың жағдайларын орындауға келісімін берген отбасылар (азаматтар) қатысуға құқылы, - деп түсіндірді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Садиров.
Өткен жылы, яғни, 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасына 1268 отбасы, 5654 адам қатысқан екен. 1524 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысса, оның 578-і тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Ал 741 адам «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша, 390 адам уақытша жұмыстармен айналысу арқылы жан бақты.
Ал мүшелері жұмысқа орналасқан отбасыларға «Өрлеу» бағдарлмасы аясында шартты ақшалай көмек ай сайын не үміткердің өтініші бойынша үш айда бір төленіп тұрады.
- Шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқасын сатып алу), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру (бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға шығындардан басқа) пайдаланылады, - дейді Асхат Әсетұлы.
Республикалық бюджеттен «Өрлеу» бағдарламасына бөлінген қаражаттар қараусыз қалмайды. Олардың тиімді игерілуі де тексеріліп отырады.
- Республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферлердің игерілуін, мақсатты пайдаланылуын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ассистент отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты талаптарының орындалуын мониторингілеуді, отбасына баруды және онда көзделген міндеттемелердің орындалуы туралы белгі жасауды жүргізеді, - деп атап өтті Асхат Садиров.
Сонымен қатар, «Өрлеу» жобасына қатысушымен әңгімелесу жүргізіліп, қажетті құжаттарды толтыруға, жұмыс іздеуге, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жәрдемдесу арқылы шартты ақшалай көмекке өтініш білдірген кезден бастап және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі аяқталғанға дейін сүйемелденеді.
Айта кету керек, биыл «Өрлеу» жобасына республикалық және жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр және 1 сәуірге дейін жабаға 473 отбасы қатысуға ниет білдірген екен.
Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →

Тақырыптар:
Өрлеу - аз қамтылған отбасыларға демеу