Елбасы келешек қазақстандықтардың болашағы қандай болатындығын айтты
Астана қаласында Бейбіт және келісім сарайында Қазақстан халықтар Ассамблеясының XXV сессиясы өтті
Сессия жиналысында Н.Назарбаев Қазақстанның келешек ұрпағы қандай болуы керек екендігін айтты.
- Біріншіден, адамның танымдық қыры оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады. Ал бәсекеге қабілеттілік дегеніміз не? Кез келген тауар өндіруші тұлға өнімі сапалы әрі бағасы арзан болса, соғұрлым өтімді екендігін жақсы біледі, - деді Елбасы.
Президент мемлекеттің де, экономиканың да, әрбір адамның да бәсекеге қабілетті болуы қажет екендігін айтты.
- Бізге 70 жыл бойы кеңестік жүйе шетелге шығуға мүмкіндік бермеді. Ал қазіргі уақытта біздің балаларымыз да, өзіміз де қалаған уақытта шетелге шыға аламыз. Өзге мемлекетке барған соң, сол елдің заңымен өмір сүруің қажет. Солардың бәсекесіне қабілетті болуың керек, - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азамат шет тілін меңгеру керек екендігін де атап өтті.
- Болашақ қазақстандық барлық нәрсеге ашық болуы қажет, өзгенің мәдениеттің керекті дүниесін өзіне де қабылдай білуі қажет. Сананың ашықтығы дегеніміздің өзі де сол - әлемдегі қажетті бойына сіңдіре алу. Бұл адам білімді болғанда ғана жүзеге аспақ. Сондықтан болашақ қазақстандық біріншіден, бәсекеге қабілетті, екіншіден прагматик, үшіншіден айқын мақсатқа ұмтылушы тұлға болуы қажет.