Лукашенко Порошенкоға Украинамен соғыспау туралы уәде берді
Украин президенті Петр Порошенко Белорусиялық әріптесі Александр Лукашенконың екі елдің арасына ешкім от сала алмайды деген сөзіне сенеді
Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Минскіні Киевке қарсы соғысқа ешкім тарта алмайды деп, Украина президенті Петр Порошенконы сендірді, деп жазады RT.
Екі елдің жетекшілері Чернобыльдегі АЭС жарылысына 31 жыл толуына байланысты біріккен сапарында кездесу өткізеді.
Лукашенко Белорусияны ешкім Украинамен соғыстыра алмайды деген. Бұл туралы Порошенконың өзі баспасөздің алдында тұрып айтқан. Порошенко «Белорусияның бейбітсүйгіш елі мен тәжірибелі президенті Александр Лукашенко» соғысқа жол бермейтінін қосып айтты.
Мұнымен қоса, Порошенко беларусс-украин шекарасының «достық, тату көршілік, сенімді ынтымақтастық, бейбіт шекара» болып қалатынына, екі елді ешкім ұрсыстырып, соғыстыра алмайтынына үміт артты.