Ахмет Байтұрсынов - қазақтың рухани көсемі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «А. Байтұрсынов - қазақтың рухани көсемі» атты ғылыми-теориялық семинар өтті
Аталған семинар ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
- Семинардың мақсаты - «Қазақтың рухани көсемі» А. Байтұрсыновтың еңбектерін көпшілікке тарату, насихаттау және шығармашылығы жайында тың ғылыми зерттеулерді саралау. Жас мамандарды ғылыми шығармашылыққа тарту, тәжірибе алмасу арқылы ғалым еңбектерін зерттеу жұмысының жаңа және тиімді механизмдерін іздеуді ұйымдастыру, - дейді шара модераторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күләш Еңсебаева.
Оқытушылар мен магистранттарға арналған семинар барысында Күләш Еңсебаева мен Жазира Қайырбаеваның «А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына» арналған презентациясы көрсетілді. Сондай-ақ, ф.ғ.к., доцент, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Айымгул Сейпутанова «А.Байтұрсынов және әдістеме мәселесі», ф.ғ.к., профессор Сламбек Оразалин «А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы», ф.ғ.к., доцент Бақытжан Келгембаева «Отандық фольклортану ғылымы және А. Байтұрсынов зерттеулері», ф.ғ.к., доцент Аида Айтмукашова «А. Байтұрсынов - қазақ морфологиясының негізін салушы», ф.ғ.к., доцент Күләш Еңсебаева «А. Байтұрсынов және синтаксис мәселелері», аға оқытушы Қарлығаш Барбосынова «А. Байтұрсынов - әдебиеттанушы», ф.ғ.к., доцент Бердібек Бияров «А. Байтұрсыновтың тіл біліміне қосқан үлесі» атты тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасалды.
Сонымен қатар, шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің аға оқытушысы Фарида Байботанова қатысып, өз ойын ортаға салды. Аталған ғылыми-теориялық семинар соңында қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді.
Следующая →

Тақырыптар: