Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Асем Ожарова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі бас дәрігерлердің демалысқа деген сүйіспеншілігін сынға алды

ШҚО әкімі бас дәрігерлердің демалысқа деген сүйіспеншілігін сынға алды

Облыс әкімі өңірдің медицина мекемелеріндегі бас дәрігерлердің жұмысына қанағаттанбады. Даниал Ахметов олардың мереке кезіндегі демалысқа деген ынталарын сынға алған. Естеріңізге саламыз, онкология, жүрек қан-тамырларының кемшілігі, сонымен қатар ана мен бала өлімі орташа республикалық есеппен облысымызда ең жоғары болып тұр. Облыс әкімінің пікірінше, басты себеп дәрігерлердің мамандандырылмағандығында, сонымен қатар олардың көбінің моральді қасиеті өз деңгейлерінде болмағандықтан көрінеді. Бұған кінәлілер – медициналық мекеме басшылары. - Мысалы, жаңа жылдық мереке кезінде ауруханалардың бірінде болдым, - дейді өңір басшысы. – Бұл күні ешқандай ем шаралары жүргізілмеген! Бас дәрігер турасын айтты: «Мейрам емес пе! Дәргерлеріміз бен медбикелеріміз демалуы керек». Келісемін, адамдар демалуы керек. Бірақ, күнтізбенің қызыл күндеріне деген сүйіспеншілігімен дәрігерлер үш маңызды құжатты бұзады. Біріншіден, Денсаулық сақтау министрінің қандай күн болмасын медициналық көмек көрсетілуге тиісті деген бұйрығы, оның ішінде мейрам күндері де айтылған. Екіншіден Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабы: «Әрбір азамат денсауылығына деген күзет құқығына лайық». Үшіншіден – Гиппократ уәдесі. - 8 наурызда да сол оқиға! – деді облыс әкімі. – Сауықтыру орталығында бұл күні ешқандай медициналық жәрдем көрсетілмеді. Облыс әкімі өңірде барлық деңгейдегі медиктердің көлемді аттестациясы өтетінін және бірінші кезекте бұл сыннан облыстың бас дәрігерлері өтетінін ескертті. Даниал Ахметов оладың кейбірі орнынан айрылатынына да шек келтірмеді.
Следующая →