Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қорғаныс министрлігі жыл сайын жедел қызметке шақырушылар санын арттыруда

Бүгінгі таңда 2000-ға жуық Қазақстан азаматы жедел қызметке шақырылды деді ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жанұзақов

«Қазақстан-2050» мембағдарлама сайтында хабарланғандай, ведомство басшысы жедел қызметке азаматтарды не себепті аз шақырылатындығын түсіндірді.  

«Біз ақырындап көбейтіп жатырмыз, бірден 3000-5000 мың азаматты жедел әскери қызметке шақырта алмаймыз, себебі жатын орынмен қамтамасыз ету, асханалардың мүмкіндігі мен жауынгерлерді дайындау бағдарламасын ескеріп отырмыз. Сонымен қатар өсіп келе жатқан қатерге дайындық пен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік кезекшілік  ұйымдастырылды», - деді С. Жасұзақов.

Министрдің айтуынша, жалпы қарулы күштерді жабдықтау 93% көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 89%-ға тең болған. 

«Бүгінде барлық офицерлерді, сержанттар  мен қатардағы жауынгерлер құрамын келісім шарт бойынша шақыртамыз. Бұл шамамен 82% өз істерінің кәсіпқой мамандары. Бүгінде келісім шарт бойынша әскери қызметкерлер мен қатардағы жауынгерлер құрамының қатынасы сәйкесінше  71/22%  құрады. Біз жыл сайын жедел әскери қызметке шақыртуларды арттырып келеміз және болашақта келісім шарт бойныша әскери қызметтің жедел қызметке қатынасы сәйкесінше 70/30% құрайды деген ойдамыз», - деді С.Жасұзақов.  
Следующая →