Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Біз есірткісіз өмірді қолдаймыз

 «Біз есірткісіз әлемді қолдаймыз» атты ұранмен халықаралық деңгейде өткізіліп жатқан шарадан Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы да тыс қалмады

Есірткі біздің өмірімізді жаулады, жастардың тағдырын тәркіледі, отбасыларын қиратты, жақындарына қайғы әкелді. «Героин», «марихуана», «спаистер», «микстер» тағы-тағылар. Бұл есірткі саудасына құныққандардың ойлап тапқан тауарларының толық тізімі емес. Адам баласының парасатты, рухани және әлеуметтік құндылықтарының азғындауы есірткіге тәуелді болып қалуы жер бетінде дәлелін тапқан тағылым.

Мемлекет басшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымымен бірлескен отырысы аясында «Біз есірткісіз әлемді қолдаймыз» атты ұранмен халықаралық деңгейде өткізіліп жатқан шарадан Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы да тыс қалмады. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептері мен колледждерінің спортта, өнерде табысты жетістіктерге жетіп жүрген оқушылары арасында қалалық оқушылардың шығармашылық сарайында акция өткізілді. Атаулы шараға Өскемен қаласы әкімдігінің, салауатты өмір салты орталығының, білім беру бөлімінің,облыстық наркология диспансерінің өкілдері арнайы шақырылды. Салтанатты шараны Өскемен қ. ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры Дәулет Жұмаділов ашып, көрермендерге арнайы әзірленген деректі фильм көрсетілді.

- Бұл өткізіліп отырған шараның жасөспірімдер мен жастар арасында мақсаты нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Аз да болса осы санаулы уақыт ішінде біз жастардың санасына есірткінің зардабын сіңіруге тырысумен қатар есірткісіз өмірдің қаншалықты қымбат екенін түсіндіруге тырысамыз. Бұл бағытта әлі көптеген жұмыстар жоспарланған, яғни көпшілік болып жетістіктерге жетеміздеген үміттемін,-деді сөз арасында Дәулет Бейсенғалиұлы.

Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен қоғамымыздың алдында тұрған үлкен міндет.

Следующая →