Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Инватакси мәселесі шешімін таппақ

Шығыс өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «инватакси» мәселесі екі жыл болды шешімін таппай келеді

Облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың тасымалына арналған 8 инватакси бар. Оның төртеуі Өскемен қаласында және төртеуі Семей қаласына тиесілі. Бірақ таксидің бар болғанымен, мүгедек жандардың оған жету мәселесі қиындық туғызып отыр.

- Көпқабатты үйлерден мүгедектер өз еріктерімен шығып-түсе алмайды. Сондықтан оларға өздерін шығарып, кіргізетін, демеу болатын кісі жалдауға да тура келеді, - деді қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың бірі.

Бұл мәселені «Алтын-ай» мүгедектерге арналған қоғамдық бірлестігінде де бұл мәселені екі жыл болды көтеріп отырған көрінеді.

- 2 жыл болды бюджетті жоспарлаған кезде біз қосымша жұмысшы лауазымының қажет екенін көрсетеміз. Алайда ол жыл сайын қысқартылып қалады, - деді «Алтын-ай» мүгедектерге арналған қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мағиза Мирвазетдинова.

Алайда мүгедектерге инватаксиге жетуге демеу болатын қосымша жұмысшы жалдауға ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қаражат жоқ екен.

- Облысымыздың бюджетінде миллиардтаған қаражат бар болса, мүгедектерге демеу болатын екі қосалқы жұмысшыға 1-2 миллион теңге біздің бюджеттің азайып қалуына қатты әсер етпейді. Өз бастарыңда ондай қиындық болмаған соң сіздер, әрине, мүмкіндігі шектеулі жандарды түсінбейсіздер. 2 жыл бойы көтеріліп келе жатқан мәселені шешпегендерің қалай? - деді облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк.

Қоғамдық кеңес отырысында Владимир Головатюк инватаксилерге қосалқы жұмысшылар лауазымын ашып қана қоймай, олардың қалай санын көбейту керектігін және әр ауданда қажеттілігіне қарай 1-2 инватаксиден болу керектігін дөп басып айтты. 

Следующая →