Трамптың миграциялық қаулысына 200 компания қарсы шықты
160-тан аса америкалық кәсіпорын АҚШ президентінің миграциялық жарлығына қарсы ресми наразылық танытты. Бұл компаниялардың ішінде Facebook, Google және Microsoft тәрізді транскомпаниялар да бар
Жарлық технология саласында қызмет жасайтын компаниялардың жұмысына айтарлықтай зиян келтіретіндіктен, аталмыш компаниялар біріге отырып 19 сәуір күні Виргиния штатының апелляциялық сотына хат жолдаған.
Хатта американың экономикасына бірден-біре пайда әкеліп отырған технологиялар саласы екендігі әрі бұл салада жұмыс жасауға лайықты талантты қызметкерлерді табуға аталмыш қаулының келтіретін кедергісі мол екендігі айтылған. Оның үстіне, АҚШ президентінің жарлығы бұл компаниялардың иммигранттармен толерантты қатынас ұстайтын елдерге инвестиция салуына әкелуі мүмкін. Хатта Американың иммигранттар елі екенді әрі дәл осы бәсекеге қабілетті иммигранттардың ел экономикасына көтеруге тікелей әсер етіп отырғандығы айтылған.
Трамптың миграциялық қаулысы Иран, Сирия, Ливия, Сомали, Судан және Йемен елінен келетін иммигранттарға 3 ай бойы АҚШ еліне кіргізбеу жайында болатын.