Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауыл халқының жұмыссыздық мәселесі шешіледі

«Е-Халық» ақпараттық жүйесі қазақстандықтарға ауылдық әкімдіктерде жұмыссыз ретінде есепке тұруға мүмкіндік береді

«Е-Халық» жүйесінің негізгі мақсаты - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүдделері мен қажеттілін ескере отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу болып табылады. Жүйе еліміздің әрбір азаматының әлеуметтік статусын анықтауға жол беретін болады.

- «Е-Халық» жүйесін, бірінші кезекте, еңбекпен қамту мәселелерін шешу үшін енгізіп отырмыз. Онда жұмысы бар, әлеуметтік төлемдер алатын, жұмыссыз немесе өзін жұмыспен қамтыған тұлғалардың барлығы бойынша мағлұмат болады. Екіншіден, бұл жүйе, ауылда тұратын қазақстандықтарға жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыссыз ретінде әкімдікте тіркелуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сол жерде қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне иек артуға болатыны жайлы толық ақпарат ұсынылады, - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге, еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға, халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға, ішкі еңбек көшін анықтауға, өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге, әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, бұл ақпараттық жүйелерді қолданысқа енгізу арқылы азаматтар ауылдық әкімдікте жұмыссыз ретінде тіркеліп, қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне ие бола алатындарын жан-жақты біле алады.

- Қазіргі уақытта бұл ақпараттық жүйедегі бар мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке каналдар жүйесін ортану жұмыстары қарастылуда. Бұл шараны орындау үшін облыстық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешілуде, - деп түсіндірді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының еңбек нарығын талдау және монитронгілеу бөлімінің басшысы Айгерім Мухамедова.

Сонымен қатар, еңбек нарығын талдау және монитронгілеу бөлімінің басшысы «Е-Халық» жүйесін іске асыруға қатысты алғашқы қадамдардың басталып та кеткендігін айтты.

- 2017 жылдың 6 сәуіріндегі жағдайы бойынша жергілікті бюджеттен облыстың 6 ауданына қаржы бөлініп, қалған қалалар мен аудандарда бюджеттік өтінімдерді 2017 жылғы 13 сәуірдегі облыстық мәслихат сессиясында қайта қаралды. 6 аудан бойынша бұл қызметті көрсетуге конкурс жарияланды, - деп қосты Айгерім Мухамедова.

«Е-Халық» ақпараттық жүйесі елді мекендегі нақты халық санын анықтауды, ішкі және сыртқы көші-қон мониторингін жүргізуді, әлеуметтік әлсіз санатқа жататын және жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған азаматтар есебін жасауды, барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мәліметін жандандыруды, тұрғындар табысын жаппай қағазға түсіруді қамтамасыз етеді.

Осылайша, «Е-Халық» ақпараттық жүйесінде сақталатын статистикалық және талдамалық деректер қаржыны өңірлерді дамытуға және мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға мақсатты әрі дәл бөлуге арқау болмақ.

Жоспар бойынша аталмыш ақпараттық жүйе 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Амир Қилымбеков 

Следующая →