Ұрлық жасау - күн көрудің амалы ма?
Кез келген дүкен, сауда орнында арнайы бақылау камералары орнатылатыны белгілі. Бүгінгі таңда бұл заман мен уақыт талабы
Соның арқасында соңғы кезде әлеуметтік желілерде ұрлық жасап жатқан адамдардың бейнетүсірілімдері көбейіп кетті. Мұндай видеода ұрының бет-әлпеті де анық байқалады. Мысалы, балалар дүкенінде киім таңдап жүрген кейіп жасаған әйел, сатушының кассасына түскен немесе азық-түлік дүкенінде ұрлық жасап жатқан қарақшылардың жазбаларын көру көзге үйреншікті болып кетті. Бұл тек бақылау камераларына тіркелген ұрлықтар, бірақ ұрылар үйді де тонай алады, қалтаңдағы затыңды да білдірмей жымқырып кете алады. Жалпы, облысымызда ұрлық жасау фактілері жыл санап көбейіп келе жатыр екен.
- 2015 жылы ұрлықтың 965 фактісі тіркеліп, оның 501 фактісі ашылды. Ал 2016 жылы 1295 іс тіркеліп, оның 793 ашылды. Өткен 2016 жылы дүкеннен ұрлық жасағаны үшін 488 азамат жауапкершілікке тартылды, - деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Статистикалық деректер бойынша, ұрлықтарды негізінен бұрын сотты болған, есірткі заттарын пайдаланатын азаматтар жасайды. Олар заттарды ұрлап, оны қайта сатумен айналысады. Сол арқылы тіршілік етіп, күн бағады-мыс.
- Ұрлық жасағандар ішкі істер органдарына есепке алынады. Ұрлықтың алдын алу және ескерту үшін есептегі бұрын сотты болғандармен үнемі жұмыс жасалады, - деп қосты Бақытжан Торғаев.
Заманауи технологиялар, яғни, бақылау камералары, дабыл сигнализациялары, күзетшілер дүкендегі ұрлықтың алдын алуға немесе қылмыскерді анықтауға оң септігін тигізуде.
- Облыс орталығындағы дүкендердің иелері мен өкілдеріне техникалық нығайтуды күшейту, күзет құралдарын, дабыл сигнализацияларын, бейнебақылау жүйесі мен күзетшілер жұмысын ұйымдастыру бойынша күзет құралдарын, дабыл сигнализацияларын, телевизиялық бейнебақылау жүйесін монтаждау, орнату және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдардың мекенжайын, байланыс телефондарын көрсете отырып іс-шаралар жүргізу туралы ұсыныстар беріледі, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Орын алған ұрлықтарды жедел ашу үшін сауда орындарындағы бейнетүсірілімдерді ең алдымен ішкі істер органдарына ұсыну қажет.
Айта кету керек, ҚР ҚК-нің 187,188-баптарына сәйкес жасалған ұрлық ауырлығына байланысты 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салудан он жыл мерзiмге дейiнгi бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
- Ұсақ-түйек жымқыру, яғни, болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салғаны үшін жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Ал бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқырғаны үшін бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады, - деп қосты Бақытжан Торғаев.
Жалпы алғанда, ұрлық деген біреудің жеке мүлкін өзі жоқтың, көзі жоқта жымқыру екенін бәрі біледі. Бірақ, қазір ұрлық жасаудың сан алуан түрі пайда болғанын бірі білсе, бірі білмес. Өзге біреудің мүлкін уақытша алып қайтармайтын біреулер бар. Қарызға ақша алып, мүмкіндігі бола тұра бермеудің өзі - ұрлық. Мемлекеттің мүлкін жолын тауып өз атына аударып алатындар бар. Пара алу да ұрлықтың ұсқынсыз түрлерінің бірі. Құмар ойындар ойналатын жерлер (ойын автоматтары, казино, алик-малик-шарик, жүйелік маркетингтер) де қанша адамның қалтасын қағып, ұрлық атаулының ұлысын жасады. Мұның барлығы шариғат тыйым салған істерге жатады. Үлкен күнәлар қатарына кіреді. Тіпті, көше бойында өсіп тұрған, өсіп тұрған дейміз-ау, өздігінен жерге түсіп, шіриін деп жатқан жемістің өзін егесінің рұқсатынсыз жей алмайсыз.
Шариғатта «Ұрлық - ауыр қылмысқа бағаланады. Бұл күнәні істегендерге дүниеде де, ақыретте де ауыр азап бар. Біреудің мал-мүлкін рұқсатсыз, заңсыз түрде алудың барлық түрі ұрлыққа жатады. Ұрлық істеген адам иманынан айрылады» делінген.
Амир Қилымбеков
Следующая →

Тақырыптар:
Ұрлық жасау - күн көрудің амалы ма?