Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бородулиха жолдары күрделі жөндеуді талап етеді

Жол мәселесі тек Бородулиха ауданының еншісінде емес. Қазір бюджеттен республикалық маңызы бар Семей – Ауыл тас жолының 110 шақырымын жөндеу көзделген

Сонымен қатар Бородулиха - Жезкент жолын жөндеу қарастырылған.
Шекаралық аудан болғандықтан күрделі жол жөндеу сұрақтары бірнеше рет көтерілді. Аудан арқылы республикалық маңызы бар жолдар өтеді. Шұңқырларды бітеу және көктемдегі жөндеу жұмыстары бар мәселені шешпейді. Көктемгі қар ерісімен, жолдар қайтадан бұзылып жатады, - дейді Бородулиха ауданының әкімі Григорий Акунов.
Аудан басшысының айтуынша жол қабатын күрделі жөндеуден өткізу өте үлкен қаражатты талап етеді. Қаражат көлемі 300-ден 700 миллион теңгеге дейін бағаланып отыр.
Сонымен қатар, ауданда су мәселелері де шешімін табуда. Ағымдағы жылы су жолдарын тартуға үш жоба қаралған.
- Қазіргі таңда Камышенка, Жабайылы және Зенковка ауылдарын қамтитын үш жоба бар. Қаражат бір жоба ретінде Камышенка ауылына бөлінген, - дейді Григорий Иосифович. - Қаржыландыру көлемі 300 миллион теңгені құрып, байқау өткізілді. Алайда келесі күні байқауға түскен шағымдарға байланысты бас тартылды. Қазір ол облыс көлемінде өткізуде.
Ауданның инфраструктуралық құрылымы біртіндеп қалыптасып келеді. Әкімнің айтуынша, жол мәселесі республикалық, ал ауыз су мәселесі облыстық деңгейде шешім табады.

Айдос Мырзахметов
Следующая →