Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өртенген зауыт қайтадан іске қосыла ма?

Өскемен қаласында орналасқан «Мелисса» ЖШС зауытында ауқымды өрт оқиғасы орын алған болатын

Қазақстанда жалғыз OSB-тақтасының өндірісімен айналысатын зауыттың өртін сөндіруге ШҚО ТЖД бар күшін сарп еткен.
Өрттің шығу салдары әлі белгісіз. Қазір зауыт монша, үй құрылыстарын салуды жалғастыруда. Алайда зауыттың негізгі қозғалтушы күші «айтарлықтай» зардап шеккен.
- Әрине құралдар біршама зардап шекті. Алайда барлығын қалпына келтіруге мүмкіндіктер бар. Қазір бүлінген дүниені қалпына келтіргеннен, жаңа зауыт салған әлдеқайда ауыр, - дейді Виктор Воробьев.
Зауытты қайта іске қосуға мөлшерімен 4-5 ай кетуі мүмкін деген болжам бар. Алғашқы құрылыс барысы ауыр жүрді. Ал қазір бұл үрдісті әлдеқайда жылдам атқаруға болады. Зауытты не бұрынғы өндірушілік күшінде қалдыруға, не артық өнім шығаратындай етіп түрлендіруге болады.
- «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстарына 400 миллион алдық, қосымша айналым қаражатына 260 миллион теңге жұмсалды. Сонымен қатар өз қалтамыздан 300 миллион салдық, - дейді Виктор Воробьев.
Зауыт толыққанды компьютерленген болатын. Яғни, тегіс компьютерлік құралдардан тұрған. Өрт себептері де техникалық салдарларға байланысты деген болжам бар.
- Жағдай өте ауыр. Бірақ үмітсіз емес. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы, Экономика және қаржы басқармасы экономикалық жағдайды қарайды, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Осыған байланысты қанша қарыз қайтарылғанын анықтайды. 200 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп тұрған зауытқа қолдау көрсету қаншалықты негізді екенін бірінші кезекте білу керек. Осыдан кейін барып нақты шешімдерге келеміз.
Зауыт 560 миллион теңгеге несие алып, бір жылға 120 миллион қарыз қайтарылды.
- Көп жағдайда экономикалық төмен нәтижелі бизнестерге қаражат бөлініп келді. Мысалға, Семей қаласындағы құс фабрикасын атауға болады. Қателеспесем онда 180 миллион бөлінді. Алайда фабрика сол күйі жұмыс істемеді. Мұндай ондаған мысалдар келтіруге болады, - дейді Даниал Кенжетайұлы. - Бұл жерде сұрақ мүлдем өзгеше. Бұл жерде нақты өндіріс бар. Жұмыс орындары қамтамасыз етілген. Сондықтан біз жақтан көмек болуы ықтимал.
Зауытқа бірінші және ең көлемді тапсырыс берушілер Алматы қаласынан болды. Кейіннен Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен де тапсырыстар келіп жатқан болатын.

 Айдос Мырзахметов
Следующая →