Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

20 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар тізімі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және басқа да салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

КХДР бойынша АҚШ позициясы Қытаймен бірікті

Солтүстік Корея мәселесін реттеуде Пекин маңызды рөл атқарып келеді, дейді Ақ үйде.
Мұны жақсы белгі деп атар едім: Солтүстік Кореяны бақылауда Қытай бізге жақындай бастады, - дейді Ақ үйдің өкілі Шон Спайсер.
Ол КХХДР мәселесін реттеуде қытай жағының маңызды рөл атқарып келе жатқанына оң баға берді.

АҚШ арнайы қызметкерлері WikiLeaks-ке ақпарат таратушыны өз араларынан іздестіруде

ОББ өз қызметкерлерінің арасынан WikiLeaks-ке ақпарат берушіні іздестіруде.
Алдын ала ақпарат бойынша, ОББ мен ФТБ WikiLeaks-тің қоолына түскен жасырын ақпараттың тарауына байланысты бірлесіп тергеу жүргізуде.
«Ұрлықшының» материалдарға қолы жететіні мәлімденуде.
Әзірге күдіктілердің саны 100-ге жеткен.
Атап өту керек, осыған дейін WikiLeaks порталы Ресеймен байланысқан деп бірнеше рет айыпталған. Ақпарат көзінің иесі Джуллиан Ассанж бұған әрқашан өткір мысқылмен жауап қайтара жүрген.

Грек астанасының орталығында бомба жарылды

Грек астанасы Афина орталығында бомба жарылды. Оқиға қаржы мекемелерінің бірінде болған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Оқиғаға 35 минут қалғанда ақпараттық басылымдардың рекдакциясына біреу хабарласып, қауіп туралы ескерту жасаған.
Алайда жарылыстың алды алынбады.
Айта кету керек, жабылған ауданды қоршап тұрған полиция қызметкерлерін белгісіз біреулер жанғыш май қосылған бөтелкелермен шабуылдаған. Тәртіп сақшыларының арасында зардап шеккендер туралы айтылмады.

Кандидаттың жоқтығынан Албанияда президент сайланбады

Албания парламенті ел президентінің кандидатурасын нақтылай алмады, себебі билеуші партия дауыс берудің бірінші раундында өз өкілдерін ұсынбады. Бұл туралы AFP хабарлады.
Албанияның барлық саяси күшімен бәтуәға келу үшін, жаңа президентті сайлау сұрағы бойынша оппозициямен әңгімелесу ниетімізді білдіргендіктен кандидатурамызды ұсынған жоқпыз, - дейді парламент төрағасы Илир Мета.
Албанияда сайлауды мойындау үшін таққа үміткерді 140 депутаттың 84-і қолдау беруі керек. Президенттің бес жарысында жаңа жетекші шықпаса, парламент таратылады.
Естеріңізге саламыз, мемлекеттің оппозициялық күші парламентке ақпаннан бері байкот жариялап келеді. Олар тәуелсіз және әділетті сайлауға жауап беретін өткінші үкімет құрғылары келеді.

Қытайда жұбайлардың төбелесі әуерейсін тоқтатты

Қытайдағы жолаушылар ұшағы күн тәртібі бойынша ұшпай қалды. Лайнерді жанұялық наразылық үшін тоқтатуға тура келді, деп хабарлайды Mirror басылымы.
Оқиға орын алған әуежай өкілдерінің хабарлауынша жұбайлар арасындағы қақтығыс ұшаққа отыру кезегінде басталған. Ер адам әрекетке кейін көшкен.
Куәгерлердің айтуынша күйеуі әйелін жерге құлатып, бетінше жұдырығын сілтей берген. Жұптар барлық қатынастарын анықтап болғанан кейін, оларды рейске кіргізбей қойды.
Төбелескіштер полиция учаскесіне жіберілді. Тәртіп сақшылары жұптардың арасында айрылысу үрдісі жүріп жатқанын хабарлады.
Ұшақ болса жарияланған уақыттан 28 минут өткеннен кейін барып көкке көтерілді.


Следующая →