Қазақстанда әдейі жасалған жалған жарнама үшін қалай жазалайды?
Көптеген қазақстандық тауарөндірушілер өз тауарларын жарнамалаған кезде оның қасиеттері мен міндеттерін асыра сілтеп жіберді.Сондықтан көптеген тұтынушылар алданып, өздері күткен нәтижені көре алмайды
ҚР Әділет Министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазанов өзінің Facebook парақшасында әдейі жасалған жалған жарнама үшін жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қалай жауапқа тартылатындығы жайлы жазды.
Оның пікірінше өндірушілер жарнама жасау барысында өз таураларын асыра мақтап, тым артық салыстырлар жасап жібереді, ал тұтынушылар болса, сол жарнамаға алданып қалады.
- Мұндай жағдайда 2014 жылдың 5 шілдесіндегі № 235-V ЗРК ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 157-бабына сәйкес тауарөндіруші тауарға, жұмыс пен қызметке қатысты, олардың өндірушілері, орындаушылары, сатушылары туралы жалаған ақпарат таратын болса, онда жеке тұлға - 100 АЕК, шағын бизнес иесі – 350 АЕК, Орта бизнес иесі – 500 АЕК, ірі кәсіп иесі – 1000 АЕК айыппұл төлейтін болады.
Следующая →
Тақырыптар:
Использование заведомо ложной информации в рекламе в Казахстане Министерство юстиции РК Олжас Рамазанов