Өскеменде бір әйел банктен несие алу үшін полицияға жалған айтқан
Жалған куәгер полиция қызметкерлеріне «Казкоммерцбанктен» алған екі миллион теңгеден артық ақшасын түнде үйіне қарақшылар түсіп ұрлап кеткендігі жайында өтірік айтқан
Жеке кәсіпкер банктен алған ақшасының қолды болғандығы жайында арыздану арқылы аталмыш банктен өзінің жеке кәсібін дамыту үшін тағы да кредит алуға бел буған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
«Жәбірленуші» әйел осыған дейін 5 млн теңгеге дейінгі сомаға несие алған, алайда бұл сома тек жұмысшыларының қарыз жалақысын ғана жабуға жеткен. Тығырықтан шығудың амалын іздеген кәсіпкер-ханым банктен тағы да қарыз алу үшін өзін зардап шегуші тұлға ретінде көрсетуге тырысқан.
Үйіне қарақшылар түскендігін дәлелдеу мақсатында есіктің құлпын бұзып, үй-жайын астаң-кестең қылып тастаған. Оның үстіне, қылмыскерлердің оған қастандық жасамақ болғандығын дәлелдеу мақсатында денесіне біршама сызат пен жарақат та салып үлгерген. Полиция қызметкерлеріне арыз берген «жәбір көруші» қызметкерлерден үйдің тоналғандығы жайында «деректі» тіркеуін өтінген.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс ашып, тергеу жұмыстарын бастаған. Алайда әйелдің жалған мәлімет беріп отырғандығы бірден анықталып, құқық бұзғаны үшін сот алдында жауапқа тартылды.
Өскемен қаласы №2 қалалық соты жалған куәгерлік беруші «жәбірленушіні» 3 жыл бас бостандығынан айырған.
Следующая →