Қазақстанда кімдерге үйленуге болмайды?
Қазақстанның Әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазанов өзінің Facebook парақшасында қазақстандықтарға кімдерге үйленуге болмайтынын жазды

Фото:
win4000.com
Әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазанов өзінің Facebook парақшасында қандай тұлғалар некеге отыра алмайтындығы туралы ақпаратты жариялады.
2011 жылдың 26 желтоқсанындағы №518- IV ҚР «Неке және отбасы» Кодексінің 11-бабына сәйкес, төмендегі тұлғалар некеге отыра алмайды:
1. бір жынысты тұлғалар;
2. жұптағы тұлғалардың біреуі заңды түрде некеде болса;
3. жақын туыстарға;
4. асырап алушы мен асырап алынған, асырап алушының балалары мен асырап алынған балалардың арасында;
5. сот шешімімен екі тұлғаның біреуі психологиялық аурудың салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда.
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Запрет на брак в Казахстане Министерство юстиции РК Олжас Рамазанов 



