Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ананың толғағын жеңілдету жолдары қандай?

Қылықтары балдай тәтті сәбилерді дүниеге әкелмес бұрын ана ерекше қиналып, өмір мен өлімнің арасында жатып дүниеге сәби әкелетіні мәлім

Жалпы, облысымызда жыл сайын 22 500 бала дүниеге келсе, олардың 1558-і арқасында жатып, 4352 кесарь тілігі арқылы, қалғандары тік тұрып, отырып немесе бүйіріне жатып босану арқылы дүниеге келеді. Шыр етіп жарық дүниеге келетін сәбиді босанудың қазіргі уақытта түрлі амал-тәсілдері бар.
- Әйелдер «Ана мен бала орталығында» джакузиде босанады. Жүкті әйелдер босанудың бұл түрін өздері таңдайды. Мұндай босану ақысыз. Босанудың бұл түрі енгізілгеніне 2 жыл болды. Күн сайын әйелдер осындай әдіспен жеке палатада босанады. Суда босану ананың толғағын жеңілдетеді, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова.
Акушер мамандар осы кезде күшенуді ерте бастамаңыз деп ескертеді.
- Босануды жеңілдетудің қарапайым жолдары бар. Толғақ кезінде мұрын арқылы дем алып, оны ауыз арқылы шығарып, терең тыныс алу керек. Дем алу бірқалыпты, толғақ күшіне байланысты болуы керек. Толғақ кезінде ішке массаж жасау да жақсы көмектеседі. Шалқаңыздан жатып, екі қолыңыздың саусақтарының ұшымен іштің төменгі жағын асықпай, нәзік түрде жан-жаққа сипалаңыз. Беттің бұлшықеттері жатыр мойнымен тығыз байланысты. Сондықтан ішіңіздің ауырсынғанын басу үшін бетіңізді босаңсыту керек. Қабағыңызды түймей, күлімдеуге тырысыңыз. Тіпті өлең айтуға да болады. Сүйікті әуеніңіз де ауырсынуды сездірмейді, - деп түсіндірді №1 қалалық емхана акушері.
Халықта толғақ басталысымен әйелдің жеңіл босануы үшін түрлі ырымдар жасалынған. Мәселен, пышақты қайрап, тамақ дайындау, толғатқан әйелдің шашын тарқату, үйдегі теңдердің бауын шешіп босату, әбдіре, кебежелердің аузын ашу деген сияқты жөн-жоралғыларды жасайтыны бар.
Босану кезінің қиындығы жайлы Қасиетті Құранда да жазылған. Мысалы, Мәриям анамыздың босану кезі жайлы Құранда былай делінеді: «Мәриям жүкті болып, құрсағындағы баланы көтерген күйде елден жырақ (алыстау) бір жерге шықты. Содан соң қысып келген толғақ оны құрма ағашынан жабыса ұстап алуына мәжбүрледі. Сол кезде ол: «Әттең-ай! Осы іс басыма түспей тұрып, ертерек өліп кетіп, атым да, затым да ұмытылып кеткенде етті» деп тіл қатты» («Мәриям» сүресі, 22, 23-аяттар). Бұл аяттың астарында бүгінгі таңда ескерілуі тиіс көптеген мәселе бар. Біріншіден, хазрет Мәриям секілді қайсар, тақуа, діндар әйелдің өзі толғақ қысқанда, аузына өлім туралы сөз алды. Екіншіден, осыған қарап-ақ бізді туған қайран аналар қаншалық құрметке лайық екенін бағалай берсек болады.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйікті қызы Фатима толғақ үстінде жатқанда, Алла елшісі (с.ғ.с.) оның қасына Үммү Сәләма және Зәйнәб бинт Жахш деген екі әйелді жіберді. Оларға Фатиманың қасына барып, сол жерде «Аятүл Курсиді», «Ағраф» сүресінің 54-аятын, «Йунус» сүресінің 3-аятын, сондай-ақ «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқуды тапсырды.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →