Ұсынылған тариф пен төленетін тариф бағасы неге бөлек?
Бақыршық кенті тұрғындарының бүгінгі мәслесі - сумен жабдықтау қызметі мен жылу жүйесі үшін төлейтін қаражат құнының қарыштауы болып отыр
Жыл басынан бері Бақыршық кентіндегі су мен жылу жүйесінің төлемдері өсті. Алдын ала келісілген бағалар мен төлем квитанцияларындағы бағалардың жер мен көктей екенін байқаған тұрғындар наразылықтарын білдіргенімен, шарасыз болып отыр.
- Біз жаңа жылға дейін жылу жүйесі үшін 76 – 90 теңге көлемінде төлесек, қазір 193,58 теңге төлейміз. Көптеген тұрғындар да өз наразылығын білдіріп отыр. Өйткені баға тіптен қарыштап кетті. Алдын ала ұйымдастырылған жиналыстарда бұл тарифтерді 50%-ға дейін өсіреміз деген еді. Төлейтін ақшамызға қарасақ мүлдем олай емес, - деді Бақыршық кентінің тұрғыны.
Бірақ Бақыршық кентіндегі жылу жүйесі мен суына жауапты «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өсімнің мұндай жоғары емес екенін алға тартып отыр.
- 2012 жылы жылу жүйесі үшін бекітілген тариф деңгейі тұтынушылардың тобына жіктеле отырып, қосылған қаражат салығын қоспағанда Гкал үшін 3035,41 теңге немесе қаражат салығын қоспағанда бір жылда ай сайын м2 үшін 66,47 теңге төлейтін. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 185-НҚ бұйрығына сәйкес қаражат салығын қоспағанда Гкал үшін 3946,03 немесе ай сайын м2 үшін 86,42 теңге басқаша айтқанда жағу маусымында м2 үшін 172,84 теңгені құрады. Осылайша жылу жүйесінің тарифі небары 30%-ға өсті. Ал су жүйесінің тарифі 40%-ға өсті, - деп жауап берді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Юрий Овчинников.
Ал Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болса, су жүйесінің тарифі 42%-ға өсті деп отыр.
- Сумен жабдықтау қызметін көрсететін «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС үшін департаменттің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 185-НҚ бұйрығымен 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізумен жалпы тәртіпте тарифтер бекітілген. Содан кейін қолданылуы департаменттің 2016 жылғы 5 қазандағы № 190-НҚ бұйрығымен 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған. Осылайша, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап сумен жабдықтау қызметінің тарифі 66,02 теңге/м3 құрайды, бұрын қолданылғаннан 46,36 тенге/м3 немесе 42,4 % артық, - деп хабарлады ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Людмила Устьянцева.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіндегілердің пікірінше Бақыршық кентінің тұтынушылары үшін сумен жабдықтау қызметінің тарифі ҚҚС-сіз 66,02 теңге/м3 мөлшерінде, басқа сумен жабдықтау ұйымдарымен салыстырғанда жоғары емес.
- Жарма ауданының Қалбатау ауылының тұрғындары үшін тариф 124,9 теңге/м3; Ұлан ауданының Алмасай ауылында 118,27 теңге/м3; Айыртау ауылында 151,56 теңге/м3; Ұлан ауылында 134,01 теңге/м3; Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 251,66 теңге/м3; Қарасу ауылында 204,87 теңге/м3; Қабанбай ауылында 255,42 теңге/м3; Аягөз ауылында 80,29 теңге/м3; Таврия ауылында 118,80 теңге/м3; Донское ауылында 198,80 теңге/м3 және т.б, - деді басшының міндетін атқарушы Людмила Устьянцева.
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС су және жылу жүйелерінің тарифін көтеруден бөлек жылу батареяларындағы суға бояу қосатын болған екен. Олардың бұл әрекеттері тұрғындардың жылы суды батарейлерден алуына байланысты-мыс.
Ерке Биғазина
Следующая →