ЕҚҚБ талабына орай ақпараттық желі өтті
Шығыс Қазақстан облысының орталығында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бастамасымен қоғамдық тыңдау өтті
Тыңдауға ШҚО Экология департаментінің, Өндірістік даму басқармасы, Табиғи қорлар басқармасы және Мемлекеттік жеке меншік әріптестігінің өкілдері қатысты.
Айта кету керек, Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы «Полиметал» АҚ «Қызыл» алтын кен орнын қаржыландыруды жоспарлауда. - Қаржыландыру көлемі 140 миллион долларды құрайды деген болжам бар, - дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директорының кеңесшісі Магаша Сайдуакасова. - Қорытынды шешім банктің арнайы несиелік комитетімен сәуір айының соңында қабылданады.
2015 жылы Wardell Armstrong жобаның әлеуметтік-экологиялық ықпалына баға берген болатын. 2016 жылы есеп банктің экологиялық және әлеуметтік талаптарына сай қайта өңделді. Әлеуметтік және экологиялық жоспарлар жасалып, келісілді.
Зерттеу барысы атмосфералық ауа жағдайы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, геология, биоалуантүрлілік, тарихи құндылықтыр, экономикалық жағдайлар, жергілікті мекен және тағы басқа көптеген факторлар есепке алынған.
ЕҚҚД даму банкі «Қызыл» кен орнының маңайындағы жергілікті мекен мен табиғи орта туралы жан-жақты ақпараттар алған. Әрине, бұл сол ортаның экологиялық және әлеуметтік ортасындағы қауіпсіздігіне байланысты жүргізілген шаралар.
- Ауа атмосферасының сапасы 2015 жылы маусым айы бойынша аптасына бір рет тексеріліп отырған. Сонымен су деңгейі мен сапасы да басты назарда болды, - дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Галина Чудина. - Топырақтағы зиянды заттар да Ұлыбританияның GAC көрсеткіштерінің қауіпсіздік деңгейінен аспаған.
«Полиметалл» АҚ мұнымен қоса археологиялық және мәдени құндылақтарды да есепке алған. Жалпы жоба шекарасы мен өндірістік, ауылшаруашылық өңірі 1950 жылдан бері кен өндірісі жұмысын бастаған сәттен өзгеріске ұшыраған көрінеді. «Полиметалл» зерттеулерінен кейін өндіріс аймағынан 19-ғасыр соңы мен 20-ғасыр басына жататын мұсылман зираты табылған.
- Зират табылған сәтте «Полиметалл» жергілікті әкімдікке хабарлаған, - дейді Галина Васильевна. - Мәдениет департаменті деңгейінде жұмыстар жүргізіліп, зиратқа жерленгендердің туыстарынан жерлеу орнын көшіру туралы келісім жасалды. Осылайша, тәуелсіз мердігерлермен зиратты көшіру жұмыстары жүргізілген.
ЕҚҚБ мұнымен қоса жергілікті мекеннің әлеуметтік дамуына зор ден қояды. Яғни, кәсіпорын тұрғындардың инфрақұрылымды дамуын назардан қалдырмауы керек.
- Өткен 2016 жылы Шалабай және Әуезов ауылдарында «Полиметалл» АҚ бірқатар әлеуметтік бастамаларды қолға алған, - дейді Галина Васильевна. - Мысалы, «Аққу» балабақшасын жөндеуден өткізіп, жиһазбен қамтыған. Әуезов ауылының орталық саябағын аббаттандыру, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға материалдық қолдау көрсетіліп, Шалабай ауылының оқушыларын автобуспен қамтамасыз еткен.
Сонымен қатар, жолдарды тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген мерекелік шараларды жүргізуге ат салысқан.
Айдос Алмасұлы
Следующая →

Тақырыптар:
ЕҚҚБ талабына орай ақпараттық желі өтті