Сақтықта қорлық жоқ
Ауа райының күрт жылынғанына қарамастан қаладағы жеке тұрғын үйлерді су басу бойынша бір факті тіркелген. Десе де, бұл қауіптің алдын алған жөн
Айта кеткен жөн, биылғы тасқынға қарсы шараларға қалалық бюджеттен қосымша 30 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға қажетті техника дайындалып, бұлақтар мен өзендерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Өскемен қаласының әкімшілігі үйлер мен тұрғын емес құрылыстардан су сору үшін қажет болған жағдайға бес мотопомпа сатып алынды.
Жуықта Ахмер ауылында су басу қаупі төнген. Құмаш Нұрғалиев көшесі, 69 мекенжайында екі үйдің төңірегін су басқан көрінеді.
- 112 нөміріне тұрғындар хабарласып, жолдан су ағып жатқанын айтты, - дейді ТЖД баспасөз-қызметі. - Бұл тасқын емес, еріген қар салдары болғандықтан біз әрекет ететін табиғи жағдайларға жатпайды. Сондықтан хабарды 138 нөміріне байланыстырдық. Қардың тазаланбағанына байланысты мұндай көп жағдайлар коммуналды шаруашылық қызметінің құзырында болды. ТЖ қызметкерлері оқиға орнына барып, адам өміріне қауіп төнбегенін тіркеді.
Аталмыш мекенжай иесі оқиғаның қазір қалыпты екенін жеткізді. «Өскемен-тәртіп» қызметкерлері су арнасын техникалармен тазалаған.
- Үйіңізді су басқан жағдайда 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне немесе әкімшіліктің диспетчерлік қызметіне 138 нөмірі арқылы хабарласу қажет, - деп хабарлайды Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай қызметкерлері сақтықта қорлық жоқ екендігін тұрғындардың есіне салады.