Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Наурыз – жаңару мен жандану мерекесі

Өскемендіктер мен қала қонақтары Республика алаңына жиналып, Ұлыстың ұлы күнін дүбірлі той-думанмен атап өтті

Шығысқазақстандықтар биылғы мерекені де әдеттегідей жоғары деңгейде атап өтті. Айтулы мерекеде Өскемен қаласының өзінде ғана 200-ден астам шара өтіп, орталық алаңда 40-тан аса киіз үй тігілді. Жалпы, көпұлтты Қазақстан үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Жыл өткен сайын Наурыз елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Оған алаңға жиналған түрлі этнос өкілдері мен олардың мерекені мерейлендіре түсу мақсатында ұйымдастырған түрлі шаралары дәлел.


Алаңға жиналған қауым алдымен «Қош келдің, әз Наурыз!» театрландырылған қойлымын тамашалап, түрлі спорттық жарыстарға қатысты. Гір көтеру, қол күресі, арқан тартыс, асық ату және өзге ұлттық ойындарға қатысып қана қоймай, мықтылар ұйымдастырушылардың арнайы сыйлықтарына да ие болды. Сонымен қатар, киіз үйлер қалашығы мен палау фестивалі, мерекелік ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, қолөнер бұйымдарының саудасы ұйымдастырылды.


- Наурыз - Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеп, Наурыз айын ерекше қасиетті ай деп бағалаған. Осы айтулы мерекемен бүкіл түркі халықтарын құттықтап, тек жақсылық тілеймін. Ұлыс оң болып, ақ мол болсын. Бәле-жаланың барлығы жерге енсін! - деп ізгі тілегін білдірді қала тұрғыны Долан Қалиякперов.


Одан өзге, орталық алаңда үш тілді білу бойынша қала тұрғындары арасында «Полиглот» акциясы ұйымдастырылды.


- Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және дамыту, үштілділікті насихаттау, ұлттық құндылықты дәріптеу және қазақстандық патриотизмді нығайту болып табылады, - дейді ұйымдастырушы ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары. - Акция сайыс форматында өткізілді. Онда қазақ, орыс және ағылшын тілінде сұрақтар қойылып, оған дұрыс жауап берген жеңімпазға ұлттық аспап – домбыра тарту етілді.


Мерекелік концерттің көркін өңіріміздің өнер жұлдыздарынан бөлек танымал эстрада жұлдыздары «Дервиши», «Климанджаро» топтары кіргізді. Сонымен қатар, белгілі цирк өнерінің майталмандары Мұтырғановтар әулеті де өскемендіктерге жаңа мерекелік бағдарламасын паш етті. Мерекелік концерт кешкі би кешімен жалғасын тауып, танымал эстрадалық топ «Формат» жастарға әннен шашу шашты.
Следующая →