«Қазақ тілі» неліктен ҰБТ-дан алынып тасталды?
2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес түлектер «қазақ тілі» пәнінен сынақ тапсырмайтын болды

Фото:
Today.kz
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, сынақ екі кезеңге бөлінгендіктен, түлектер қазақ тілінен емтиханды тек мектепте ғана тапсырады.
- Балалар 100 пайыз мектеп емтиханын тапсырады. Сол балалардың100 пайызы қазақ тілін тапсыруы тиіс. Бірақ, олар билеттер арқылы тапсырмай, біріңғай тестілеудің сұрақтарымен тапсырады, - деді министр.
Яғни, мектептегі қорытынды емтиханда бар болғандықтан «қазақ тілі» пәні ҰБТ-дан алынып тасталған. Жаңа форматқа сай биылдан бастап түлектер ҰБТ-да міндетті үш пән - «Математика сауаттылығы», «Қазақстан тарихы», «Оқу сауаттылығы» және өздері таңдаған екі пәннен сынақ тапсырады. «Оқу сауаттылығы» пәнінде қазақ тіліне қатысты сұрақтар ішінара кездеседі екен.
Следующая →

Тақырыптар: