Астанадағы Сирия бойынша келіссөз бейсенбіге дейін созылуы мүмкін
Сирия бойынша Астанадағы келіссөз барысында «Оңтүстік» және «Солтүстік фронт» қарулы оппозициялары үрдіске қосылмаса бейсенбіге дейін созылады
Келіссөздің нақты нәтижесі әзірге жоқ, себебі оппозиция келген жоқ. Бірақ, өкілдері бүгін түнде келеді деген үміт артып отырмыз. Әңгіме «оңтүстік» және «солтүстік» төңірегінде және біз оларды күтудеміз. Егер келсе «Астана-3» жалғасын табады, - деді сәрсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ақпарат көзі.
Жуықта келіссөз 14-15 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған болатын.