АҚШ мамандары қазақстандық әскери дәрігерлерді оқытуға көмектеседі
Қазақстандық әскери медициналық мамандар делегациясы АҚШ Әскери-әуе күші мен Жаяу әскерінің базаларында болды
ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында хабарланғандай, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі медицина қызметкерлерінің офицерлер тобы Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан АҚШ Қарулы Күштерінің медицина мамандарын дайындау бойынша оқыту орталығында болып қайтты.
Барып қайту мақсаты тактикалық буындағы әскери медициналық мамандарды дайындау бойынша ақпарат алмасу болды. Қазақстандық әскери медициналық мамандар делегациясы АҚШ Әскери-әуе күші мен Жаяу әскерінің базаларында болды. Тактикалық буын мамандарымен әуе және жер үсті көлігінен зардап шеккендерді медициналық алып шығу бойынша дайындық өтті.
Барып қайту аясында екіжақты брифинг өтті. екі елдің өкілдері Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығының базасында американдық мамандардың қатысуымен оқытушылар және парамедиктерді дайындау курсын өткізу сұрақтарын талқылады.