Алматыда халықтың әлеуметтік қолдауына 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді
Алматы қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды қолдау мақсатында 1,4 млрд теңге бөлінбек
Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Кикимов леуметтік жағдайы төмен тұрғындарды қолдау мақсатында 1,4 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды 2050 стратегиясының сайты.
Оның 20 млн теңгесі I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арба сатып алу үшін бөлінеді, 500 млн теңгесі 2,5 мың алушыға сурдо-тифлотехникалық заттарды алуға бағыттылады.
Сондай-ақ, қаланың мүмкіндігі шектеулі жандарына жеке қызмет пен гигиеналық қажеттілік, емделуге қолдау көрсетіледі. Ол үшін бюджеттен 586 млн теңге бөлінеді. Айта кетерлігі, «Инватакси» қызметіне қосымша 40,9 млн теңге бөлінеді.
Айта кетейік, биыл Алматы бюджеті 513,9 млрд теңгеге тең.