Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
ktk.kz

Банктерді қолдауға Ұлттық қордың ақшасы жұмсалмақ

Экономистер Ұлттық қордан бөлінген триллиондарға қатысты пікір білдірді

Президент осы мақсатқа триллионнан аса теңге бөлу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Онда бөлінетін қаржының нақты көлемі 1 триллион 92 миллиард 941 миллион 288 мың теңге деп көрсетілген. Бұл ақшаға екінші деңгейлі банктердегі түйткілді несиелер сатып алынбақ. Осылайша үкімет несиені оңды-солды таратып, кейін өндіре ала алмай жүрген банктерді тағы бір мәрте тығырықтан шығармақшы. Биліктің бұлай етпеске амалы жоқ дейді сарапшылар. Өйткені қазір көптеген қаржы ұйымдары қарызға белшеден батқан. Мәселен кейбір сарапшылар қайтарылмай қалған несие көлемі 3-4 триллион теңгеге жетіп жығылады дейді. Сондықтан оның орнын толтыруға үкімет қолдау көрсетпесе банкротқа ұшырайды екен. Банктер жаппай жабылса ел экономикасы құлдырайды - дейді қаржыгерлер.

Мағбат Спанов, экономика ғылымдарының докторы:

-2007 жылғы дағдарыстан кейін біздегі банк жүйесі біраз әлсіреді. Соның кесірінен қайтарылай қалған және күмәнді несие көлемі күрт көбейді. Кейбір мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін жеткен. Ал банк жүйесінің қауіпсіздігі бойынша түйткілді несие көлемі жалпы портфелдің 15 пайызынан аспауы керек.

Следующая →