Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Журналистердің бірінші форумы Шығыс Қазақстанда өтті

Бірінші республикалық журналистер форумында журналистиканың діни материалдарды ұсынудағы ерекшеліктері туралы айтылды

- Ақпарат мәселесі күннен-күнге күрделеніп, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ғаламторда, сайттар мен блоктарда жарияланған әлеуметтік, дінге қатысты  мәселелер болсын мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауға түрткі болып жүр, - дейді ҚМДБ баспасөз қызметінің басшысы Ағабек Сыдықов. - Ең біріншіден БАҚ өкілдеріне діни бағыттағы мақалаларға жауапкершілікпен қараса дегені тілегіміз бар. Діни жолдағы көптеген ақпараттар зерттелмей, зерделенбей тез таралуда.

Ағабек Қонарбайұлы мысал ретінде, мешітте аяқ киім ұрланды, молда ақша сұрады, мешіттен төбелес шықты деген ақпараттардың нақтыланбай таралуын келтірді. Мұндай ақпараттар қанша жерден теріске шығарылса да, халықтың бірінші болып қабалдаған ақпараты қалыптасып қалады.

- Мұндай ақпараттар порталдардың, сайттардың рейтинг, жазылу жинау құралына айналған сыңайлы, - дейді Ағабек Қонарбайұлы. - Дін мәселесі – нәзік мәселе. Ол саясат емес, әлеуметтік мәселе де емес, ол әрбір адамның жүрегіндегі құндылық.
ҚМДБ өкілі жас журналистерге діни сабақтар өткізуді, діни журналистика құру туралы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, кез-келген діни әдебиеттерді Дін басқармасының тексеруімен беруді ақыл етті.
Следующая →