Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ветеринарлық дәрі-дәрмек өндірушілердің халықаралық форумы

Облыс орталығында отандық және шетелдік ветеринарлық дәрі-дәрмек өндірушілердің халықаралық форумы өтті

Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығы ауылшаруашылығының маңызды салаларының бірі болып табылады. Көшпелі өмір салтын ұстанған ұлтымыздың тарихына көз салсақ, бүткіл тіршілігінің, тұрмыс-салтының өн бойына нәр берген, жесе азық, ішсе сусын болған, тіпті, киім-кешегіне дейін қамтамасыз етіп отырған төрт түліктің алар орны ерекше екені белгілі.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста бүгінгі таңда 886 мың бас ірі қара, 2 млн-ға жуық ұсақ мал, 310 мың жылқы басы, 4 млн шамасында құс бар. Облыс нарығы мал өніміне бай, бұл өнімдерді шетелге шығарып, саудалау жұмыстары да жүргізілуде. Сол себепті елдің экспорттық әлеуетін арттыру үшін облыста халықаралық стандарттарға сай көпсалалы сертификаттау зертханасы ашылатын болады. Осы арқылы біз мал өнімдерін Қытай нарығында саудалауға мүмкіндік аламыз.

Ал осы мал шаруашылығы ветеринария саласымен етене байланысты. Бүгінгі әлемдік нарықта мал ауруымен күресуге арналған ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялық құралдардың мол таңдауы бар.  Аталмыш форум ветеринарлық дәрі-дәрмек өндіруші компаниялар мен дистрибьютерлік орталықтардың арасында көпір орнатуға септігін тигізді. Өйткені облыстағы ауылшаруашылық кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары мен ветеринарлық дәріхана иелері Ресей, Канада, Мысыр, Бразилия, Испания және Қытай елдеріндегі компаниялардың үздік заманауи ветеринарлық дәрі-дәрмектерімен танысуға мол мүмкіндік берді.

«Адви» - 1984 жылы ашылған мысырлық компания, - дейді «Адви» компаниясының сату бойынша бас менеджері, ветеринария докторы Ахмет Фавзи. -  Біздің компания жануарлардың барлық түріне арналған дәрі-дәрмектерді өндірумен айналысады. Өнімдеріміз Қазақстан нарығында 2001 жылдан бері саудаланып келеді. Сонымен қатар, компания өнімедір Араб елдері, Африка, Азияның 33 еліне экспортталады. Жалпы компания өнімдерінің сапасы да жоғары, бағасы да қолжетімді. Оны көптеген елдерде біздің тауарды пайдаланатын халық пікірінен аңғаруға болады.

Форум соңында ары қарайғы серіктестік үшін ветеринарлық дәрі-дәрмек өндіруші компаниялар мен ауылшаруашылық құрылымдары меморандумға қол қойды.
Следующая →