Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Биылғы жәрмеңке Ұлан ауданынан басталды

Ұлан ауданымен өткен жәрмеңкеге «Болашақ» ШҚ, «Екимбаев» ШҚ, «Нұрбереке» ШҚ, «Мурсалимов» шаруа қожалықтары, өңдеу кәсіпорындары «Айтас МП» ЖШС, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, бал шығаратын «Алешин» ЖК, «Рузанов» ИП «Парасочкин» қатысты

Сатылымға жалпы сомасы 15,2 млн. теңге болатын 24 тонна ауыл шаруашылық өнімдері әкелінді.

Жәрмеңкеге биыл 10 тоннаға жуық ет өнімін, оның ішінде қой, сиыр, жылқы және шошқа еттері бар, - дейді «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Әділбек Рамазанов. - Ұлан ауданында құс фабрикасы жұмыс істейтіні баршаға мәлім. Осыған орай 5 тоннадан астам құс етін де алып келдік. Бал өндірумен айналысатын 16 шаруашылықтың бесеуі бүгінгі жәрмеңкеде қатысуда.

Жәрмеңкеге елуден астам шаруа қожалықтары қатысты. Сонымен қатар Ұлан ауданының ауыл тұрғындары да ат терлетіп Өскемен қаласына азық-түліктерін әкелген. Облыс әкімі жәрмеңкеге келіп, тауарлардың бағасын бақылап шықты. 15-20 пайызға арзан бағамен өтіп жатқан өнімдерге өңір басшысы оң бағасын берді.

- Жергілікті тұрғындардың азық-түлік бағасына қатысты сұрағы өңір басшысының бақылауында, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин. - Оның тапсырмасымен өңірдің ірі қалаларында мониторинг өткізіп, жәрмеңкені әдеттегіден бір ай бұрын бастадық. Бұл жерде азық түлік бағасы 15-20 пайызға төмен. Мысалы, ет өнімінен ғана 10 тоннаға жуық әкелінді.

Дүйсенғазы Мусин қазіргі сәтте Семей қаласында да Бесқарағай ауданының жылдағы дәстүрлі жәрмеңкені бастап кеткенін айтып өтті.

Айдос Мырзахметов

Следующая →