Қорғаныс министрі әскерге жарамай қалу интерактивті тақтаның кесірі деп санайды
Сәкен Жасұзақов қазіргі әскерге шақыртылып жатқан азаматтардың көзінің нашар көретіндігіне интерактивті тақталар себеп екенін айтады. Осы орайда білім министрінен қандай да шара қолдауныды сұрады
ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстанның білім министрінен биылғы әскерге шақыртылғандардың қатарында көзі нашар көретіндер көп болуына байланысты интерактивті тақталардың әсерін азайтуға шақырды, деп хабарлайды Tengri News сайты.
Сағадиев аталмыш тақталардың пайдасы аздығын атап өтіп, қазіргі таңда 11 мыңға жуық видеоүштікті (проектор-экран-компьютер) сатып алып жатқандығын айтты. Олар көзге де зияны жоқ, мемлекет үшін де арзанға түседі екен.