Өскемен
пасмурно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    -3°
$
513.55
-0.76
602.09
-0.94
¥
72.94
-0.07
6.42
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!

1 наурыз күні А. С. Пушкин атындағы кітапханада алғыс күні аталып өтеді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!
Фото:
kaztrk.kz

1 наурыз күні сағат 10.00 де облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада сағат 10.00 де алғыс айту күніне орай «Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» атты мерекелік іс-шара өтеді.

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.

Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Алғыс айту күні - қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін және Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл - ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!

Мерекелік іс-шарада мереке туралы ақпарат берілік, тақырыптық кітап көрмесі ұсынылады, достыққа, татулыққа арналған мақал-мәтелдерден, сөзжұмбақтан жарыстар ұйымдастырылып, әндер шырқалады. Мерекенің жалғасы ретінде кітапхананың әр бөлімінде: медиа-сабақтар, «Рахмет үшін!» акциясы, «Рахмет айтамын!» сурет байқауы, «Алғыс айту шебері» ойыны сынды бағдарламалар ұйымдастырылады.

Следующая →