№2 қалалық аурухана ғимараты қалай қолданылады?
Жазда бос тұрған екінші қалалық аурухана ғимараты қайта қолданысқа енеді. Бірақ бұл жолы аурухана ретінде емес, әкімшілік ғимарат ретінде
Естеріңізге сала кетсек, 59 жыл көлемінде халыққа қызмет көрсетіп отырған №2 қалалық аурухана 2015 жылы жабылды. 2 жылдың көлемінде бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстары тек биыл жасалады деп жоспарланған.
- Ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың 2-тоқсанына, ал жаңа ғимаратқа өзге мекемелердің ауысып келуі 2017 жылдың 3-тоқсанына жоспарланған, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова.
Бос тұрған ғимаратқа, яғни №1 хирургиялық корпусына «Шығыс Қазақстан облысының тері-венерологиялық диспансері» КҚКК, №2 хирургиялық корпусына «Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ, «ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «СК Фармация» ЖШС, «Денсаулықты сақтауды дамыту Республикалық орталығы» ШЖҚ РМК, терапия корпусына ШҚО ДСБ «Өскемен қалалық №1 емханасы» ШЖҚ КМК көшірілмек.
Айта кету керек, «Шығыс Қазақстан облысының тері-венерологиялық диспансері» қазіргі уақытта балабақша ғимаратында орналасқан. Мекеме жаңа ғимаратқа ауысққаннан кейін, қазіргі нысанды жөндеуден өткізіп, өзінің негізгі мақсаты – балабақша ретінде қайта пайдалануы мүмкін.
Ерке Биғазина
Следующая →

Тақырыптар: