Жол сақшыларының қызметтік киімі өзгереді
Ала таяқты тастаған жол полициясы қызметкерлерінің жаздық формасы ауысып, ыңғайлы бола түспек
Биылдан бастап қазақстандық жол-патрульдік полицейлер арнайы таяқшаны қолданбайтын болды. Яғни, тәртіп сақшылары қол қимылдары мен ысқырықтың көмегімен ғана қозғалысты реттеп, көліктерді тоқтататын болады.
Енді жүргізушілер жол патрульдік полициясы қызметкерлерін қараңғы түскен уақытта ақ қолғаптарынан жазбай танитын болады. Өйткені жаңа жылдан бастап жол патрульдік полиция қызметкерлерінің жезл таяқшаларын қолданбау туралы ережесіне сай, қызметкерлер жолдағы қозғалысты тек қол қимылы мен ысқырықтың көмегімен ғана тоқтататын болды. Алайда көп жүргізушілер күннің қараңғы мезгілінде қызметкерлердің мүлде көрінбейтіндігін алға тартады. Сол себепті де полиция қызметкерінің қандай пәрмен беріп, кімді тоқтатып тұрғанын айыру қиын еді.
Дегенмен, бұл мәселенің де шешімі табылды. Яғни, осы көктемнен бастап жол сақшыларының формасы өзгеріп, ыңғайлы әрі қолайлы бола түспек.
- Сәуір айынан бастап жол полиция қызметкерлерінің жаздық формасы ауысады, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Фуражканың орнына бастарына кепке киетін болады. Ал жейденің орнына футболка немесе жеңіл күртке киеді. Жаңа форманың матасы қазіргімен салыстырғанда жеңілірек болады. Ал кешкі уақытта жүргізушілерге қызметкерлердің қимыл-қозғалысы анық көрініп тұруы үшін қолдарына ақ қолғап киетін болады.
Жазғы киім үлгісі ауысқанымен, полициця қызметкерлерінің қыстық формасы еш өзгеріссіз қала бермек.
Сонымен қатар, жаңа ереже қабылданғалы бері жол патрульдік полиция қызметкерлерінің формасына қатысты түрлі ұсыныстар жасалып жатыр. Мысалы, tengrinews.kz. сайты хабарлағандай, ҚР ІІМ жол сақшыларына кешкі және түнгі уақытта жол қозғалысын реттеу барысында жарық шашатын форма киюді ұсынған.
Жеңі бар және жеңі жоқ жарық шашатын желетке жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметтік киімдерінің құрамына кіреді. Таяқшаны қолданыстан алып тастағаннан кейін ЖПП бөлімшелеріне тәуліктің қараңғы уақытында жеңі бар жарық шашатын желеткені киюге кеңес беріледі. Сонымен қатар, ЖПП жекелеген аймақтық бөлімшелері жарық шашатын бөлшектері бар қолғап қолданады. Бұл қолғаптар жеке емес, бізде бұрыннан болған, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпараттар департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі толығымен енгізіліп, көшедегі қозғалысты қолмен реттеуден басқасы автоматтандырылады. Жол полицейлері енді қозғалысты үнемі қызметтік көлікпен жүріп бақылайды. Яғни, машиналарды жаяу жүріп тоқтатуға хақысы жоқ.
Азамат Нұрболатұлы
Следующая →

Тақырыптар: