Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тондарды маркерлеу үрдісі басталып кетті

Енді қазақстандықтар жасанды көшірмелі тондарды емес, тек шынайы тондарды ғана сатып ала алады

Күзең, құндыз, ақтүлкі, түлкі, қоян, жанат, қой және өзге де табиғи теріден жасалатын тондарға, қолғап-биалайларға, бас киімдерге арнайы электронды чиптер тағылмақ.
2016 жылдың 12 тамызында Еуразиялық экономикалық одақ теріден жасалатын киімдерді маркерлеу жүйесін ресми түрде іске қосты. Біздің елде бұл үрдіс 2017 жылдың қаңтар айынан басталады.

– Табиғи теріден жасалатын бұйымдарға бақылау иденфикациялық нөмірі тағылады. Бұл әр тауарды тіркеуге арналған. Иденфикациялық нөмірді  жүйенің кез келген қолданушысы тексере алады, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Досжан Тұрғанбаев.  

Тондарды маркерлеудегі незігі мақсат – жалған тауар дайындаушылармен күресу үшін тауарға бақылау (сәйкестендіру) белгісін орнату. Бұл тондарды шығаратын, тасымалдайтын және оның саудасымен айналысатын кәсіпкерлерге ғана қатысты. 

- Сәйкестендіру белгілеріне тауарлардың үшінші елден әкелінген кезде, тондарды ҚР аумағында тігіп, әзірленген кезде, коммисиялық сауда барысында, қалған тауарларды маркерлеуде, тауарды қайта өткізген кезде немесе қайта тапсырғанда баса назар аударылады, - делінген Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының ақпаратында. 

Ескере кететін жағдай, Қазақстанда тондарды маркерлеу басталғаннан кейін, саудада бақылау белгілері қойылған тондар ғана жүру керек. 

- Ресей Федерациясы мен Белорусия Республикасында теріден жасалған киімдерді маркерлер үрдісі басталып кетті. Оларда пайда болған келеңсіз жағдайлар бізге оның алдын алуға мүмкіндік беруде. Мысалы, бұл елдердің кәсіпкерлері бақылау белгілерінің жетіспеушілігіне тап болды. Өйткені  электронды маркерлерді дайындайтын «Гознак» АҚ қажетті белгілерді шығарып үлгермей жатты. Соның салдарынан кәсіпкерлердің саудасы да тоқтап жатты, - деп түсіндірді Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының баспасөз қызметінде. 

Мұндай жағдай Қазақстанда қайталанбас үшін «Атамекен» ҚР ҰКП сатылмаған тауарлардың (қалдық тауарлардың) санағын жүргізуде. Бұл ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып қажетті бақылау белгілерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер бұл жаңашылдық пилоттық режим ретінде енгізілген кезде өздерінің келіспеушіліктерін білдіргенімен, қазіргі таңда тондарды чиптеу үрдісін бастап кетті. 

- Біз сатылымға шығарылып тұрған табиғи теріден жасалған тондарға электронды чиптерді орнатуды бастап кеттік. Бұл үрдістің тиімді-тиімсізін білмеймін, бірақ мемлекет бекіткен талаптарға сай болып, заман талабынан қалыспауымыз керек, - деді   қаламыздағы тон саудасымен айналысатын саудагерлердің бірі. 

Теріден жасалған тондарды чиптеу, оның бағасына қалай әсер ететіні жайлы саудагерлер әзірге айта алмайды. Бұл бастама тондардың құнына қанашылықты әсер ететінін уақыт еншісіне тиесілі болар. 

 Ерке Биғазина
Следующая →