Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сақтансаң, ғаламтордағы діни ағымдардан сақ бол

Ғаламтор желісіндегі жастарды жат ағымға жетелейтін діни ағымдардың арбауынан қалай сақтанамыз

«Махаббатта да, соғыста да кез келген тәсіл тиімді» дейді халық даналығы. Адал болсын, арам болсын бұл тәсілге қай патша, қай хан, қай билік, қай ұйым өз мақсатына жету үшін қай тәсілден тартынсын. Осындай қым-қиғаш текетіресте түзу жолдың тізгінін ұстау әр адамның өз басында, өз ақылында дейміз. Бірақ, бір ұйым әлемдік тепе-теңдіктің тыныштығын теңіздей тулатпақ болса, мұны білген адам міндетті түрде ескертуге міндетті.

Айтпағымыз не? Қаузап отырған тақырыбымыз тағы да дін жолындағы адасқандықтың алдын алу. Желкеңе жабысар жолбарыстан, сумаңдап келіп балағыңа кірген жылан қауіпті болар. Міне, ғаламтор желісіндегі діни ақпараттардың тазалығы туралы тақырып та осы турасында болмақ.

- Қазір Android қосымшалары орналастырылған ұялы телефондар қаншама. Екінің бірінде сондай ұялы телефон. Бұл қосымшалардың тиімділігі де сол, ішіндегі бағдарламалардың тізімінде шек жоқ, - дейді әлеуметтік желіде хат жазған оқырмандардың бірі. - Көптеген тиімді бағдарламалар, ойындар, кітаптар мен ақпарат тасушылар жеткілікті және олардың көпшілігі тегіннен-тегін немесе көк тиынға орнатасыз. Бір қызығы, мұнда шетелдік радиолар мен телеарналарды да кездестіруге болады. Міне, мұнда діни кітаптар да, ақпараттар да жетерлік.

Шынымен, аталмыш қосымша орнатылған телефондарды барлығы ұстайды. Хатты оқи салысымен, ұялы телефондағы «Плей маркет» дүкеніне кірдік. Кірдік те, саляф сөзін аяқтамастан, ұсыныстар тізімінің шыққанын көрдік. Мұнда тіпті сол тақырыптағы форумдар да бар көрінеді. Кейбірі араб тілінде тақырыпталса, кейбірі ағылшын тілдеріндегі қосымшалар. Кітаптар, арнайы бағдарламалар және тағы басқалары жеткілікті, әрі қолжетімді. Мұнда тіпті балаларға арналған әдебиеттерді кездестіруге болады. Біз олардың атауларын жазбауды жөн көрдік. Жай ғана сипаттайтын болсақ, осы бағыттағы радиолар да бар екен. Бұл аталмыш ағымның бұқаралық ақпарат құралы екенін айтпаса да түсінуге болады. Оның насихатын тыңдап, үгітіне қанып жүрмегеніне кім кепіл? Бұл сұрақтардың жауабын тиісті органдар берді.

- Басқарма тарапынан «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 24 тармағына сәйкес интернет-ресурстарда діни экстремизм және терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды анықтау, соның ішінде құқыққа қайшы контентті анықтау жөнінде жұмыстар атқарылады, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов.

2015 жылдан осы уақытқа дейін дін істері басқармасы 3 980 сайт және бейнематериалдарды зерделеп, оның ішінде діни экстремистік және террористік идеяларын насихаттайтын 849 бейнематериал, 287 интернет-портал анықтады. Оның ішінде электронды кітаптар, әлеуметтік желілер анықтаған. 

- Анықталған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне және облыстық прокуратураға жолданды, - дейді басқарма басшысы.

Жалпы, ғаламтор желісінде ең қауіптісі әлеуметтік желі екені бәріне аян. Қазіргі таңда күнделікті өмірдің өзі осы желілерде өтеді. Мысал келтіре кетейік, «Вконтакте» әлеуметтік желісіне 2013 жылдың тек қазан айында ғана 220 млн адам тіркелген. Осыншама халықтың ішінен кімнің-кім екенін бір қарап айту қиын.

Айдос Мырзахметов
Следующая →