Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жаңа көліктермен хаттар жылдам жеткізіледі

Шығысқазақстандықтар енді хаттар мен сәлемдемелерді бұрынғыдан да жылдамырақ алатын болады

Өйткені жақында «Қазпочта» АҚ ШҚОФ қызметкерлеріне 32 қызметтік көліктің кілті табысталды. 

- Бұл халыққа сәлемдеме мен хатты жеткізу сапасына жақсы әсер етеді, - дейді «Қазпочта» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының маркетинг, жарнама және PR секторның басшысы Динара Нығметов. - Өйткені енді бұрынғыдай көліктер сына бермейтін болады. Бұған дейін үш жыл бұрын парк көліктерін жаңартқан болатынбыз. Жаңа «Нива» және «УАЗ» көліктері бұрынғылармен салыстырғанда жылдам. Соның арқасында шалғай аймақтарға қатынауға да мүмкіндік туады. 

Айта кетейік, жаңа көліктердің тағы бір қолайлы тұсы олар жанармаймен емес, газ отынымен жүреді. 

Компания мәліметтеріне сүйенсек, көліктер GPS-навигаторымен жасақталған. Ол дегенміз көлік толық бақылауда болады да жүргізушілер көлікті өз жеке мақсаттарына пайдалана алмайды. ескере кеткен жөн, 32 көліктің тек сегізі ғана Өскеменде қызмет көрсетуге арналған. Ал қалғандары болса, облыстағы басқа қалалар мен аудандарда қызмет көрсетеді. 

Азамат Нұрболатұлы
Следующая →