Жаңа көліктерге дабыл құрылғысы орнатылады
Елге Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерден көлік әкелу жаңа жылдан бастап қымбаттай түсті
Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық тәртібіне сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығатын M және N санатты автокөліктердің барлығы шұғыл жедел құтқару қызметтерін автоматты түрде шақыру құрылғысымен жабдықталуы керек. Қазақстанда бұл қызметке «ЭВАК», Ресейде «ЭРА-ГЛОНАСС» жүйесі жауап береді.
Айта кетейік, М санатындағы көлік құралдарына төрт доңғалағы бар және жолаушылар тасымалдауға қолданылатын механикалық көлік құралдары жатады. Ал N санатындағы көлік құралдарына төрт доңғалағы бар және жүк тасымалдауға арналған механикалық көлік құралдары жатады.
- Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентімен екіден кем емес әрекеттегі ғаламдық навигаторлық жерсеріктік жүйелердің сигналдары, жол-көлік және өзге оқиғалар кезінде тасымалданатын радиотелефон байланыс жүйелері бойынша шұғыл жедел қызметтермен қолмен және екі жақты дауыстық байланыс арқылы көлік құралдары туралы хабарлама беру, көлік құралдарының қозғалыс бағытын, жылдамдығын және координатын анықтауды қамтамасыз етуші және жүзеге асырушы қондырғы ретінде шұғыл жедел қызметтерді шақырту қондырғысы белгіленген. Регламент 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап М және N санатты барлық көлік құралдарына қатысты, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Қарапайым тұрғындар үшін ЕЭО сыртынан көлік әкелу қосымша шығын болып табылады. Өйткені олар аздаған кедендік салықтар, тіркеу шығындарынан өзге, ЭВАК жүйесі үшін де шығындануына тура келеді. Шенеуніктердің айтуынша бұл құрылғыны орнатуға шамамен 90 мың теңге кетеді.
Шұғыл жедел қызметтердің жүйесі орнатылмаған көлік құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық қолданыстағы әкімшілік заңнамада қарастырылмаған, - дейді Бақытжан Құмарбекұлы.
Ескере кеткен жөн, жаңа ереже Еуразиялық экономикалық одақ ішінде әсер етпейді.
Қаңтар айынан бастап автосалондардағы барлық көліктерге SOS батырмасы орнатылады деп күтуге болмайды. Мысалы, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін көлік құралының типіне мақұлдау алған көліктер КҚТМ уақыты аяқталғанша жүйені орнатудан босатылады. Әдетте бұл құжат үш жылға беріледі.
Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →

Тақырыптар: