Өскемен
ясно
+28°
  • Өскемен
    +28°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +29°
$
465.28
+0.56
499.2
+2.88
¥
64.1
+0.10
5.33
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Адамға зиян биологиялық активті қоспалар анықталды

Облысымызда адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін биологиялық активті қоспалар саудалануда

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет-ресурстарды мониторингілеу қорытындысы бойынша бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспаларды анықтады. Олардың қатарында  «Мадерия с Лицетином» бальзамы, «Дианормин Ультра» сиробы, глаукома және катаракт кезінде көзге тамызатын «ITONE/Айтон» тамшылары, «Кардицепс» капсулалары, «СаганДали», «Алкостопин Форте»,  «Литомасло «Мужская сила» сынды биологиялық активті қоспалар бар. 

- Аталмыш биологиялық активті қоспалар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында анықталды және «Арна тв» (отбасыға арналған апталық газеті) газетінде, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы №41 (475), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылы 14 қазандағы басылымында жарнама ретінде жарияланған, - деп түсіндірді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметінде. 

 Комитет аталған биологиялық активті қоспаларды сатып алмауды сұрайды. Өйткені олар адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.  Сондықтан комитет мамандары емдеу мекемелерінде қабылдау кезінде бұл биологиялық активті қоспалар тағайындаған жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелерін хабардар етулерін сұрайды.   

 Ерке Биғазина 
Следующая →