Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қандай?

2016 жылдың үшінші тоқсанындағы жағдай бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады

Ал орташа айлық 113 509 теңгені көрсетті. Алайда, экономикалық белсенді халық саны азайғаны байқалады.

- Өткен жылы 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған болса, оның 28 мыңы тұрақты жұмысқа, ал үш мыңға жуығы мерзімдік жұмыспен қамтылды. Ал тоғыз мыңнан астам халық қоғамдық қызметке орналастырылған, - дейді ШҚО Экономика және бюджеттік жопарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаев. - Ал жастар тәжірибесі бойынша 1,2 мың адам қамтылса, 1,4 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.

Жалпы, 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша облысқа 9,3 млрд теңге бөлінген. Елдің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы көрсеткендей, 442 қатысушы 1,1 млрд теңгеге шағын несие алған. Осылайша 276 азамат өз ісін ашқан болса, 166-сы өз бизнесін кеңейтті.

- Облыстағы білім беру саласына 2016 жылы 96,2 млрд теңге бөлінсе, ал денсаулық сақтау саласының бюджеті 53,1 млрд теңгені құрады, - дейді Алмасхан Бауыржанұлы.

Осының арқасында облыстағы апаттық жағдайдағы 11 мектептің саны алтауға дейін қысқарып, 35 мектепке дейінгі мекеме салынған болатын. Ал денсауық сақтау мекемелерінің 35-і жөндеуден өтіп, Семей қаласындағы Знаменка ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтерді. Ал қазіргі таңда Семейде облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Өскемен қаласында гематологиялық орталық салу жоспарлануда.

Следующая →