АҚШ Гуантанамодан ресейлікті БАЭ елдеріне берді
Кубадағы Гуантанамо американдық әскери түрмеде отырған ресейлік Равиль Мингазов Біріккен Араб Эмираты билігінің бақылауына берілді
Онымен бірге таяушығыс мемлекетіне ауған бизнесмені Хаджи Вали Мухаммед пен Йемен азаматы Яссим Мухаммед берілді.
Равиль Мингазов АҚШ билігімен 2002 жылы Пәкістанда ұсталған. Американдық биліктің пікрінше ресейліктің лаңкестік әрекетке қатысы бар. Оны сотсыз және тергеусіз Гуантанамода 14 жыл бойы қамауда ұстаған.
Ресейлік билік Мингазовты еліне қайтаруды талай рет талап еткен, бірақ Пентагонның айтуынша ол қылмыстық қуғынға ұшыраймын деп еліне қайтудан бас тартқан. Мұнымен қоса ол өзінің лаңкестік әрекетке қатысы барын мойныдамаған.
Гуантаномадағы АҚШ ТӘК базасындағы арнайы түрме 2002 жылы лаңкестік әрекетке күдіктілерге арналып Джордж Буш-кіші әкімшілігімен құрылған болатын. Ол жерге адамдар бүкіл әлемнен апарылған және белгісіз уақытқа дейін қамақта ұсталған. Ол жерде азаптауға дейін баратыны туралы ақпараттар бар.
Қазіргі уақытта Гуантанамода 41 адам отыр.