Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Сары деңгей» тоқтатылды

ШҚО тұрғындарының ұялы телефондарына 17 қаңтардан бастап террористік қауіптіліктің тоқтатылғандығы туралы хабарламалар келіп жатыр

2016 жылдың 5 маусымынан бастап Ақтөбеде орын алған лаңкестік шабуылға байланысты бүкіл республикада террорлық қауіптіліктің сары деңгейі жарияланған болатын. Естеріңізге сала кетейік, ол кезде 18 экстремистің көзі жойылып, тағы тоғызы тұтқындалған болатын. Осы жағдайға орай алдағы уақытта осындай оқиғаның қайталанбауы үшін елімізде арнайы шаралар қолданылған.

Ол уақытта барлық қызметтер күшейтілген түрдегі жұмысқа ауыстырылып, аталған деңгейге сәйкес лайықты жұмыстар атқарып келген. Алдымен 40 тәулікке енгізілген «сары деңгей» кейін 2017 жылдың қаңтар айына дейін ұзартылды. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде 16 қаңтардан бастап террорлық қауіптіліктің сары деңгейі тоқтатылды.

Айта кетейік, террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі - бірқалыпты жағдай. Яғни, болуы ықтимал күштеу акцияларына алдын ала әрекет жасау мақсатында жарияланған болатын.

Назерке Каримова

Следующая →