Қазақстан ҰҚК лаңкестік қауіптің «сары» деңгейін ел төңірегінен алып тастады
2017 жылдың 16 қаңтарынан Қазақстанда ел төңірегіндегі лаңкестік қауіптің орташа деңгейі алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бұл шешімді республика президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» қағидасы бойынша қабылданды.
Ақтөбедегі маусым оқиғасынан кейін 40 күндік лаңкестік қауіптің орташа «сары» деңгейі, ал Ақтөбенің өзінде «қызыл» деңгей бекітілген болатын.
Тамыз айында лаңкестік қауіптің «сары» деңгейі 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін созылды.
2016 жылдың 5 маусымында діни радикалдар тобы Ақтөбе қаласында екі қару дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған.
Следующая →